Балалармен қарым - қатынасы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасы

Психолог: Г. Меңдіғалиева

Құрметті ата-аналар! Төмендегі сауалнамалар балаңыздың балабақшаға дайындығын және бейімделу барысын анықтауға көмектеседі. Сұрақтарға мүмкіндігінше нақты жауап беріңіз.

Ата-аналарға сауалнама №1

Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?

1) Балаңыздың көңіл күйі қандай?

  • А) Көңілді
  • Ә) Мазасыз
  • Б) Көңіл күйі төмен

2) Балаңыз қалай ұйықтайды?

  • А) Тез ұйықтайды
  • Ә) Баяу ұйықтайды
  • Б) Тыныш ұйықтайды
  • Г) Тынымсыз ұйықтайды

3) Балаңызды ұйықтату үшін не істейсіз?

Әрекетіңіз: ________________________________________________

4) Балаңыздың ұйқысы қанша уақытқа созылады?

  • А) 2 сағат
  • Ә) 1 сағаттан кем емес

5) Балаңыздың тәбеті қандай?

  • А) Жақсы
  • Ә) Тамақты таңдап жейді
  • Б) Тамаққа тәбеті төмен

6) Балаңызда қандай да бір жағымсыз әдет бар ма?

  • А) Емізік сорады, саусағын сорады т.б.: ____________________________
  • Б) Ондай жағымсыз әдеті жоқ

7) Балаңыз түбекке (горшокқа) отырғанда қалай қабылдайды?

  • А) Өздігінен отырады
  • Ә) Отырғысы келмей жылайды

8) Үйдегі жаңа заттарға немесе ойыншықтарға балаңыз назар аудара ма?

  • А) Иә
  • Ә) Жоқ
  • Б) Кейде

9) Балаңыз қалай ойнайды?

  • А) Өзі ойнайды
  • Ә) Жалғыз өзі ойнағысы келмейді

10) Үлкендермен қарым-қатынасы қандай?

  • А) Тез тіл табысады
  • Ә) Таңдап қарым-қатынас жасайды
  • Б) Қиын

11) Балалармен қарым-қатынасы қандай?

  • А) Тез тіл табысады
  • Ә) Таңдап қарым-қатынас жасайды
  • Б) Қиын

12) Балаңыз сіздерден бөлектеніп көрді ме?

  • А) Иә
  • Ә) Жоқ
  • Б) Бөлектенгенде жеңіл көтереді
  • Г) Қиын көтереді

Жауабыңызға рақмет!

Құрметті ата-аналар! Сауалнама №2

Сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймыз. Аты-жөніңізді жазу міндетті емес. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қойыңыз. Егер сұрақ қиындық тудырса, келесі сұраққа өтіңіз.

1) Балаңыздың балабақшаға бейімделуі сіз үшін қалай өтті?

  • А) Бала толықтай балабақшаға бейімделді
  • Ә) Бала таңертең балабақшаға барғысы келмей жылайды
  • Б) Бала кейде балабақшаға барғысы келмейді
  • Г) Бала кешке үйге қайтарда балабақшада қалып, ойнағысы келеді

2) Балаңыздың балабақшаға бейімделуі қалай жүрді?

Бала балабақшаға келерде:

  • А) Жылап келеді
  • Ә) Көндірумен келеді
  • Б) Көңілсіз келеді
  • Г) Өз қалауымен келеді

3) Сіздің ойыңызша бейімделуге не әсер етті?

  • А) Балабақша қызметкерлерінің әсері
  • Ә) Балабақша қызметкерлері мен ата-ана ынтымақтастығы
  • Б) Ата-ананың әрекеті

4) Балаңыздың ең бірінші күні балабақшадан келгендегі іс-әрекеті қандай болды?

  • А) Әдеттегідей
  • Ә) Тамақтан бас тартты
  • Б) Ұйқысы азайды
  • Г) Бір бұрышқа тығылып отырды
  • Е) Көңілді болды, күшті әсермен келді

5) Сіз қалай ойлайсыз, балабақшаға бейімделудің табысты жолы қандай?

Сіздің ойыңызша нені өзгертуге болады? Балабақшадан нені көргіңіз келеді? Тілегіңізді төменге жазыңыз.

Тілегіңіз: _____________________________________________________________________________

Жауабыңызға рақмет!