Теңеу сөздерді тап
Сабақтың тақырыбы
«Күзгі қарбалас» — Б. Тәжімбетов.
Сабақтың мақсаты
- Өлең мазмұны арқылы ақынның күз тіршілігін қалай бейнелегенін түсіндіру.
- Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнындағы қозғалыстағы тіршіліктің заңдылығын түсінуге мүмкіндік беру, талдау, ойлау, ізденуге жағдай жасау.
- Тіршіліктегі әдемілікті көре, ести білуге және оны сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «жылулық шеңберіне» тұрып, өздері туралы жақсы сын есім айтып таныстырады.
Мұғалімнің тілегі: «Бүгінгі күндерің нұрлы болып, сабағымыз жақсы өтсін!»
Оқушылар топтарға бөлінеді: ақындар, жазушылар, суретшілер.
2) Қызығушылықты ояту: жұмбақтар
1-топ
-
а) Халық оны айтады, дәм басы — деп.
б) Оны бір қолмен сындыруға болмайды.
Жауабы: нан
-
а) Күнге бетін бұрады, өзі қара дөңгелек, дәні ақ.
б) Ана да, бала да оны жақсы көреді.
Жауабы: күнбағыс
-
а) Найзаға сары тістер тізілген, өзі тәтті.
Жауабы: жүгері
2-топ
-
а) Сырты да қызыл, іші де қызыл. Өзі жұп-жұмсақ, дәмі жақсы.
Жауабы: қызанақ
-
а) Сырты қынасары, шашы (айдары) жасыл.
Жауабы: сәбіз
-
а) Қабат-қабат тоны бар, өзі дөңгелек, ащы.
Жауабы: пияз
3-топ
-
а) Дөп-дөңгелек доптай, жасыл, сары, қызыл шоқтай. Дәмін татып көрсем — одан дәмді жоқтай.
Жауабы: алма
-
а) Сырты жұмсақ, іші қатты. Ағашта балбырап пісті.
Жауабы: алхоры
-
а) Жасыл қара маржанды жіпке инемен тізгендей. Өзі сондай жұмсақ, өзі сондай тәтті.
Жауабы: жүзім
Талқылау сұрақтары:
- Қай мезгілде дәнді дақылдар, жеміс-жидек пен көкөністер пісіп, молшылық болады?
- Күз мезгілінің қандай екі түрі болады?
3) Миға шабуыл
1-топ: «Алтын күз»
Алтын күзде табиғат қандай болады? Ойларыңды жазыңдар.
- Бидай сап-сары болып піседі.
- Бақшада көкөністер піседі.
- Жапырақтар сарғаяды.
- Күн шуағын төгеді.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Салқындау самал жел еседі.
- Бақта алма мен жүзім балбырап піседі.
- Бидай, сұлы, арпа қауызына сыймайды.
- Оқушылар мектепке барады.
2-топ: «Қоңыр күз»
Қоңыр күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жер бетін қоңыр, қызыл, сары жапырақтар кілемдей жабады.
- Күн суытып, түнде салқын түседі.
- Адамдар жылы киінеді.
- Жиі суық жаңбыр жауады.
- Кей күндері бұршақ жауады.
- Тұман түседі.
- Жан-жануарлар қыс мезгіліне дайындалады.
- Күн қысқара бастайды, қырман астыққа толады.
3-топ: «Күзгі еңбек»
Күзгі еңбек түрлерін қағаз бетіне түсіріңдер.
- Астықты орып, қырманға тасиды.
- Картоп пен көкөністерді жинайды.
- Оңтүстікте жеміс-жидек жиналады.
- Адамдар үйлерін жөндейді.
- Ауылда малға шөп дайындайды.
- Отын дайындап, бақшаны жинастырады.
- Құстар ұясын, жануарлар апанын дайындайды.
Күз туралы жақсы айттыңдар. Ал «қарбалас» сөзін қалай түсінесіңдер?
- Қай кезде адамдарда қарбалас, жанталас болады?
- Той алдында, мерекелерде, жолға шығарда жиі байқалады.
Дәл солай. Ақын Б. Тәжімбетов күзгі қарбаласты байқап, осы өлеңді жазған.
4) Мағынаны тану
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мұғалім оқып береді.
- Топ басшыларын сайлау.
- Өлеңді іштен оқу.
- Оқушыларға дауыстап оқыту.
- Жұппен өлең мазмұнын айту.
- Топ құрамын алмастырып (айналым), қайта мазмұндату.
- Әр топтан 1 оқушы өлең мазмұнын әңгімелейді.
Талдау тапсырмалары
Әр топқа сұрақтар беріліп, дәлелдеу арқылы талдау жасалады:
- 1-топ: Өлеңде оқиға бар ма?
- 2-топ: Теңеу сөздерді тап.
- 3-топ: Ұйқасын тап.
Ой толғау
- 1-топ: «5 жолды өлең» құрастыру.
- 2-топ: «Күз» тақырыбына эссе жазу.
- 3-топ: Өлең мазмұны бойынша коллаж жасау.
Қорытынды
Мақал-мәтелдер сайысы
Күз, еңбек, молшылық тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдер айту, мағынасын түсіндіру.
Бағалау
- Топтық бағалау (әр топ өзара бағалайды).
- Мұғалімнің жиынтық бағалауы.
Рефлексия
Оқушылар сабақ туралы пікірін білдіреді: