Бунақденелілер класы
Сабақтың тақырыбы
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және олардың пайдасы мен зияны.
Сабақтың мақсаты
- Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау.
- Бунақденелілер туралы білімді тереңдету және кеңейту.
- Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Тірі ағзаларға қамқор қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру
Төмендегі тұжырымдарды оқып, сәйкес топтарға/жүйелерге сәйкестендіріңіз.
-
1
Зәршығару жүйесі — жасыл бездер.
-
2
Ұзын және қысқа мұртшалары болады.
-
3
Жүретін 8 аяғы бар.
-
4
Зәршығару жүйесі — сатан безі және мальпигий түтікшелері.
-
5
Тыныс алу мүшесі — желбезек.
-
6
Тыныс алу мүшесі — өкпе қапшықтары және демтүтік.
-
7
Астың ішектен тыс қорытылуы тән.
-
8
Хитинде нәруыз көбірек болады.
-
9
Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді.
-
10
Көздері қарапайым құрылысты.
-
11
Циклоп, дафния, таңқышаян.
-
12
Кене, құршаян, бүйі.
Сәйкестігін тап
Кене түрлері мен олардың ерекшеліктерін сәйкестендіріңіз.
| Түрі | Сипаттамасы |
|---|---|
| Мамық кене | Мөлшері 0,2–1,0 мм; өрмек бездері болады. |
| Қышыма кене | Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады. |
| Алма кенесі | Мал шаруашылығына зиян келтіреді. |
| Тайгалық кене | Азық-түлік қорын бүлдіреді. |
| Қамба кенесі | 7–9 рет ұрпақ береді; алма мен алхорыны зақымдайды. |
| Нәзікбас кене | Әкаяқ ауруын туғызады. |
| Беріш кене | Адамда қышыма ауруын туғызады. |
| Өрмек кене | Энцефалит ауруын жұқтыруы мүмкін. |
Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Бунақденелілер класының негізгі белгілері және олардың тіршілік ету ортасы.
Бунақденелілер класы: сипаттамасы
- Дене бөліктері: бас, көкірек, құрсақ.
- Барлығы 6 аяқты.
- Баста екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер, көзшелер орналасады.
- Басым бөлігінде қанаттары болады.
- Жүйке жүйесі: жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты түйіндер, құрсақ жүйке тізбегі; ганглий түзейді.
- Тыныс алуы: демтүтік (трахея) арқылы.
- Қанайналым жүйесі: ашық жүйе.
- Зәршығару жүйесі: мальпигий түтікшелері.
Бунақденелілер жер бетінде, ауада, суда, топырақ астында, сондай-ақ адам мен жануарлардың ағзасында тіршілік ете алады.
Энтомология — бунақденелілерді зерттейтін ғылым. Атауы грек тіліндегі «ентома» (бунақдене) және «логос» (ғылым) сөздерінен шыққан.
Автор туралы
Талдысай орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Ешмұханов Таңат Жанғырханұлы.