Қайталама қос сөздер

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

Біріккен сөздер. Қос сөздер.

Сабақ түрі мен типі

  • Сабақ түрі: аралас сабақ.
  • Сабақ типі: бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет.

Көрнекіліктер

  • Тірек-сызбалар.
  • Үлестірме карточкалар.

Сабақ мақсаты

Білімдік мақсаттар

  • Күрделі сөздердің түрлеріне шолу жасау.
  • Біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалуы және ерекшеліктері туралы білімді бекіту.
  • Сөз құрамынан өткенді қайталау және жүйелеу.

Дамытушылық мақсаттар

  • Күрделі сөздер жөнінде ой қорыту, дәлелдеу дағдыларын дамыту.
  • Сөз құрамына қарай талдау дағдысын қалыптастыру.
  • Фонетикалық талдау жасап, лексикалық қорды тиімді қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаттар

  • Қазақ тіліне құрметті, пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Жинақылыққа, шапшаңдыққа, топпен жұмыс істеуге баулу.

Негізгі ұғымдар

біріккен сөз кіріккен сөз қос сөз қайталау қос сөз қосарлама қос сөз қысқарған сөз тіркесті сөз

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың қатысуын тексеру.
  • Сыныпты сабаққа жұмылдыру, оқу мақсатын нақтылау.

II. Үй жұмысын тексеру

Топтар үйде дайындап келген күрделі сөздер туралы ментальды карталарын қорғайды:

  • 1-топ: біріккен сөздер.
  • 2-топ: кіріккен сөздер.
  • 3-топ: қайталама қос сөздер.
  • 4-топ: қосарлама қос сөздер.

III. Топқа бөлу және жұмыс тәртібі

Жаңа топтар

  • 1-топ: біріккен сөздер.
  • 2-топ: қос сөздер.
  • 3-топ: қысқарған сөздер.
  • 4-топ: тіркесті сөздер.

Ұйымдастыру

  • Топ басшыларын сайлау.
  • Топтарға бағалау парақтарын тарату.
  • Бағалау талаптарын алдын ала таныстыру.

Бағалау критерийлері

  • Сөз құрамын ажырата білу.
  • Дара және күрделі сөздердің айырмашылығын білу.
  • Біріккен сөздердің жасалуын түсіндіру, мәтіннен табу.
  • Қос сөздердің түрлерін және жасалу жолдарын білу.
  • Мәтіннен қос сөздердің түрлерін анықтай алу.
  • Біріккен сөздер мен қос сөздерді қолданып сөйлем, сөз тіркесін құрастыру.
  • Фонетикалық талдау жасау.
  • Лексикалық сөздік қорды орынды қолдану.

«Иә» немесе «Жоқ» ойыны

Топ басшылары әр жауаптың дұрыстығына қарай ұпай қосады.

Сұрақ Дұрыс жауап
«А» дыбысы жуан ба? Иә
«Қас қағым сәтте» тіркесі тұрақты тіркес пе? Иә
«Ғ» дыбысы үнді ме? Жоқ
«Ата-ана» сөзі қос сөздер қатарына жата ма? Иә
«Үйшік» сөзінде жалғау бар ма? Жоқ
«Батыр» және «ер жүрек» сөздері синоним бола ала ма? Иә
Сөздің бастапқы бөлшегі түбір ме? Иә
«Өнерпаз» аралас буынды сөз бе? Иә
«Е» дыбысы жіңішке ме? Иә
Алпамыс батырдың жары Құртқа ма? Жоқ
Тілімізде дара сөздер бар ма? Иә
Сөз тұлғасы түбір мен қосымшадан тұра ма? Иә
Қобыланды батырдың әкесі Тоқтарбай ма? Иә
«Ат» сөзі омоним бола ала ма? Иә
«Ел» сөзі бітеу буынды сөз бе? Жоқ
«Ж» дыбысы ұяң ба? Иә
«Көкжиек» сөзі біріккен сөздер қатарына жата ма? Иә
«Биыл» сөзі кіріккен сөздер қатарына жата ма? Иә
«Жақсы мен жаман адам қасиеттері» өлеңінде антонимдер кездесе ме? Иә
«Көсеу» сөзі туынды сөз бола ала ма? Иә
«Күлтегін» жыры ғашықтық жырлар қатарына жата ма? Жоқ
«С» дыбысы қатаң ба? Иә
«Колхоз» сөзі біріккен сөздер қатарына жата ма? Жоқ
«Ақжігіт» сөзі табу сөздер қатарына жата ма? Иә
«Ұры» сөзі эвфемизм сөздер қатарына жата ма? Жоқ
Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпиялық нормаға сай белгілене ме? Иә
«-паз» жұрнағы үндестік заңына бағына ма? Жоқ

Топтық жұмыс тапсырмалары

Тапсырмалар сауатты жазу, сөз құрамын тану және күрделі сөздерді ажырата білу дағдыларын бекітуге бағытталған.

1) Қатесін түзетіп жаз

Қою бұлт аспанды басқан. Жердің түгі көрінбейді. Күз де келіп қалыпты-ау. Кеше ғана масайрап тұрған жаз жоқ. Күн де күлімдемейді. Күннің аптап ыстығы енді таңдайыңды кептірмейді, өңмеңіңнен өтпейді. Жаз бойы жиыстырып қойған қалың киімдеріңді іздей бастайсың. Үйге от жағатын уақыт та жақын. Қыс шанаңды сайлап қойған боларсың.

Назар:

  • Орфографиялық қателерді түзет.
  • Тыныс белгілерін орнына қой.
  • Күрделі сөздер кездессе, астын сыз.

2) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз

  • Жаңбырдан соң аспанда кемпір... пайда болды.
  • Белімдегі бел...ді шешуге мұршам жоқ.
  • Ауылдың сыртында алты ... құрылды.
  • Пойыздағы жол... ағай өте сыпайы екен.
  • Кітап...дан қайтып келемін.
  • Артық мөлшерде тамақ жесең, ас...ның ауырады.
  • 8-наурыз — халық... әйел-қыздар күні.

3) Қос сөздің сыңарын тауып жаз

Қап-... түннен ояндым.

Бүгін сағат алтыда ...–аналар жиналысы болады.

Көре-... көсем боласың, сөйлей-... шешен боласың.

Жаңбыр кезінде найзағай ...-... жұрқ етеді.

Гүлдердің әдемілігі ...–... бірінен асады.

Амантай кітапқа шұқшия қарап, өзінен-... бірдеңеге күлгендей болды.

Ұсыныс:

Жауаптарды жазып болған соң, қос сөздің түрін (қайталау/қосарлама) атап, жасалу жолын түсіндір.