Алгебра және анализ бастамаларыСынып: 11Сабақтың тақырыбы
Алгебра және анализ бастамалары
Сынып
11-сынып
Сабақтың тақырыбы
Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен алғашқы функциясына берілген есептерді шешу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен алғашқы функциясын табуға арналған есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық
Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, ауызша есептеу және ой қорыту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өзіне сенімділікке және нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сынып оқушыларын топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Қызығушылықты ояту
Жұмбақ
Бірдей санды бірнеше рет
көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
қандай атау болады?
Жауабы:
дәреже