Жобаны қорғау
Сабақтың тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық
Мақсаты
Қайсарлық пен батылдықтың адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.
Міндеттері
- Қайсарлық пен батылдық ұғымдарын түсіндіру.
- Ерік-жігер мен табандылықты дамыту.
- Қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Жылы атмосфераОқушылар шеңберге тұрып, М. Шахановтың «Ерлікке шақыру» әнін аудиожазбадан тыңдайды.
Оқушыларды топқа бөлу
Тақырыпты өздері табады-
1-топ
Ұлы Отан соғысының батырлары
-
2-топ
XVIII ғасыр батырлары
-
3-топ
Жергілікті батырлар
Ерекше амандасу
Топ болып, бір-бірінің саусақтарын біріктіру арқылы жұлдызша жасап амандасады және бір-біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлінудің астарын түсіндіріп, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.
Қызықтыратын қосымша сұрақтар
Сұрақ 1
Б. Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ берілмеді. Неге?
Күтілетін жауап
Момышұлы болғандықтан. Батыр атақ үшін «Момышов» болудан бас тартқан. Тәуелсіздік алған соң оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Сұрақ 2
«Көтібар» есімін естігенде балалар күлуі мүмкін. Сондықтан есімнің қойылу себебін түсіндіру маңызды: неге батырға осындай ат қойылған?
Күтілетін жауап
Дүниеге келгенде Саңырық әулиеден балаға ат қоюын өтінген. Әулие есік алдындағы әйелдерден: «Келін не туды?» деп сұрағанда, «Көті бар бала туды», деген. Сонда әулие: «Құдай аузыңа салған шығар, аты Көтібар болсын», деп бата берген.
Әңгімелесу сұрақтары
- Өмірдегі қиындықтарды қалай қабылдайсың?
- Жиі тәуекелге барасың ба?
- Бір істі бастар алдында ой елегінен өткізіп, ақылға саласың ба?
- Адам неліктен ойланбастан (көзсіз) ерлікке барады?
Мәтінмен жұмыс
ФлештренингМұғалім мәтінмен таныстырады. Мақсат — өмірде кездесетін қиындықтарды дұрыс қабылдап, олардың шешімін таба білу қажеттігін ұғындыру.
Талқылау
- Қандай ой түйдің?
- Ерік-жігеріңді шыңдау үшін қандай амалдар мен жолдарды қолданар едің?
Ерге керек төзімділік, күш-қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Ж. Баласағұни
Жаңа ақпарат
Оқушылар мәтінді оқып, өз ойларын толықтырады. Бейбіт күннің батырлары туралы ой қозғайды.
Тапсырма
Дәптердегі 2-тапсырманы орындау. Мұғалім орындалған жұмысқа интерпретация жасап, қорытындылайды.
Шығармашылық жұмыс: жоба қорғау
1-тақырып
Өмір ерлікке толы
2-тақырып
Адам рухының күштілігі мен әлсіздігі
3-тақырып
Мен нені таңдаймын?
Әр топ өз жобасын қорғайды. Көрші топ бақылау парағы бойынша пікір білдіреді.
Мазмұны
Эстетикалық талғамы
Идеясы
Өмірмен байланысы
Топ мүшелерінің белсенділігі
Ойды жеткізе алуы
Сұрақтарға жауап беруі
Үй тапсырмасы
Сұхбат алуға арналған жоспар құру.
Қорытынды және рефлексия
МадақтауЕрекше пікір
Оқушылар өз есімдері тұрған жерге қалауы бойынша жұлдызша жабыстырады. Кім көп жұлдыз жинаса, сол — көшбасшы.
Шеңберге тұрып, оқулықтағы өлең жолдарын хормен айтады.