Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран

Сабақтың тақырыбы

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Сабақтың мақсаты

Білімділігі
Оқушыларға халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың өмірі мен өнегелі ісін насихаттау, елі үшін туған есіл ердің ерлігін ұлықтау арқылы бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру.
Дамытушылығы
Оқушылардың зияткерлік дамуын өз бетінше іздену мен оқу арқылы қалыптастыру, зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі
Халық қаһарманының халқына сіңірген еңбегі мен ерлігін үлгі ете отырып, оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.

Көрнекілігі

  • Ғ. Байтасовтың портреті
  • Слайдтар
  • Ерлік пен елдік туралы қанатты сөздер

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды тақырыпқа шоғырландыру.

ІІ. Мұғалім сөзі

Тараз қаласындағы теракт оқиғасы туралы баяндау

Бұл күні елді үрейге бөлеген жиһадшы М. К. Қариев қару-жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақырында өзін-өзі жарып жіберді. Сол сәтте жол полициясы взводының командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.

Оқиға желісі

  • Алдымен Мазда-626 көлігінің иесі Закировқа шабуыл жасап, қорқытып, көлігін тартып алады.
  • Кейін қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетші В. Федорченконы өлтіріп, Н. Е. Оразбасовты ауыр жаралайды.
  • Жартылай автомат пен «Сайга» қаруын иемденіп, қашып кетеді.
  • Өзін аңдыған екі полиция сержанты П. К. Аямқұлов пен Н. А. Бәйсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруын алады.
  • Тұрғылықты жеріне барып, РПГ-26 гранатометін алып шығады.
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне оқ атады. Адам өлімі болмаса да, ғимаратқа едәуір зақым келеді.
  • Шамамен 12:45-те Қариев полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап, қашады.

Құқық қорғау қызметкерлері қылмыскерді жаралап, қолға түсіруге ұмтылған кезде, Қариев гранатаны іске қосады. Сол сәтте капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, өзгелердің өмірін сақтап қалу жолында ерлікпен қаза тапты. Полиция сержанты С. С. Алашов ауыр жарақат алды.

Бүгінде Тараздағы теракт кезінде қаза болған құқық қорғаушылардың құрметіне естелік тақталар орнатылған. Капитан Ғазиз Байтасовтың құрметіне бюст қойылып, қала көшелерінің бірі батырдың есімімен аталды. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен капитан Ғ. Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

ІІІ. Слайдпен жұмыс

Ғазиз Байтасов – ел үшін туған есіл ер.

1-оқушының сөзі

Ғазиз Байтасов 1971 жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылында дүниеге келген. Көзі тірі болғанда 43 жасын ағайын-туыс, достарымен атап өтер еді. Өз ісіне адалдығы мен қызметіне жауапкершілігі арқылы үлгі болған Ғазиз құзырлы органдарда еңбек ете жүріп, 28 рет марапатқа ұсынылған. Ол таңдаған кәсібінің ауыртпалығын күні-түні абыроймен көтеріп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын еш төмендетпеген. Ғазиздің азаматтық тұлғасы – бүгінгі ұрпаққа ұлағат.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран.