Отбасы және неке
Сабақтың тақырыбы
Отбасы және неке
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Отбасы ұғымымен және неке түрлерімен таныстыру, отбасындағы некенің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық
Терең ойлау, өз пікірін ашық әрі толық жеткізу, пікірталас жүргізу қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік
Эстетикалық, адамгершілік және азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі
- Түсіндіру
- Көрнекілігі
- Слайдтар, суреттер, нақыл сөздер
Негізгі идея
«Отан отбасынан басталады». Бұл сабақта отбасы, неке және туыстық қатынастардың мәні, олардың құқықтық реттелуі мен қоғамдағы орны қарастырылады.
Назар аударатын түйін:
Отбасылық қатынастардың негізі — адамгершілік нормалар. Құқықтық нормалар көбіне дау немесе құқық бұзылған жағдайда іске қосылады.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу және тәртіп
- Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
- Кезекшіні анықтау.
- Журнал бойынша оқушыларды түгелдеу.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге жазу.
Үй тапсырмасын сұрау (қайталау)
Алдыңғы тақырып: әкімшілік жазалау және оның түрлері.
1) Әкімшілік жазалаудың мақсаттары — ашу
- Әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-әрекеттер үшін жауаптылық шарасын қолдану.
- Құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.
2) Жазалаудың түрлері — ашу
- Ескерту.
- Әкімшілік айыппұл.
- Құқық бұзушылық құралы немесе тікелей объектісі болған заттың өтемін төлетіп алу.
- Заттарды, кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу.
- Арнайы құқықтан айыру.
- Лицензиядан, арнайы құқықтан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қолданылуын тоқтата тұру.
- Өз бетінше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу.
- Әкімшілік қамауға алу.
- Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ҚР шегінен әкімшілік тәртіппен шығарып жіберу.
3) Әкімшілік айыппұл дегеніміз не? — ашу
Әкімшілік айыппұл — әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәтте қолданыста болған айлық есептік көрсеткішке сәйкес мөлшерде төленетін ақшалай жаза.
4) Тәркілеу дегеніміз не? — ашу
Тәркілеу — құқық бұзушылық құралдарын немесе оның тікелей объектілерін, сондай-ақ құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде, өтеусіз айналдыру.
5) Арнайы құқықтан айыру дегеніміз не? — ашу
Арнайы құқықтан айыру — нақты тұлғаға осы құқықты қолдану тәртібін өрескел немесе жүйелі түрде бұзған жағдайларда қолданылатын шара.
6) Әкімшілік қамауға қандай адамдар алынбайды? — ашу
Жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, кәмелетке толмағандар, I және II топтағы мүгедектер, 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ерлер әкімшілік қамауға алынбайды.
7) Әкімшілік жаза тағайындау мерзімдері — ашу
- Жасалған күннен бастап 2 айдан кешіктірмей.
- Қоршаған ортаны қорғау саласында — басталған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей.
- Салық салу саласында: жеке тұлға үшін — 1 жыл, заңды тұлға үшін — 3 жыл ішінде.
- Созылмалы құқық бұзушылық үшін — анықталған мезеттен бастап 2 айдан кешіктірмей.
ІІ. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру
Негізгі ұғымдар
Отбасы — туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға ықпал ететін, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасылық құқық — отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Нормативтік негіз
Қазақстан Республикасында отбасы-неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт — «Неке және отбасы туралы» Заң (1999 ж.).
Неке — отбасын құрудың негізі. Неке тіркелмеген жағдайда да, егер еркек пен әйел бірге тұрып, ортақ тұрмыс жүргізіп, балаларды тәрбиелесе, мұндай бірлікті әлеуметтік тұрғыдан отбасы ретінде қарастыруға болады.
Некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, сондай-ақ баланы отбасына тәрбиелеуге алудан туындайтын байланыстар отбасылық қатынастар деп аталады.
Туыстық: тармақтары мен бағыттары
Туыстықтың екі тармағы
- Тікелей тармақ — адамдардың бір негізден (бір тектен) тарайтындығына негізделеді.
- Жанама тармақ — адамдардың бір атадан тарауына негізделеді.
Туыстықтың бағыты
- Жоғары тармақ — ұрпақтан арғы атаға қарай (әке, шеше, ата, атаның атасы).
- Төменгі тармақ — арғы атадан ұрпақтарына қарай (бала, немере, шөбере).
Өсиет
Азаматтың қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде еркін білдіруі өсиет деп аталады.
Мұра қалдыру еркіндігі
Мұра қалдырушы мүлкін толықтай немесе ішінара жақын адамдарына да, жақын емес адамдарға да қалдыруды өзі шешеді. Бұл шешімге ешкімнің араласуға құқығы жоқ.
Кімдерге өсиет етуге болады?
Мүлік заңды тұлғаларға немесе мемлекетке де өсиет етілуі мүмкін.
Туыстық түрлері: толық, толық емес және өзге байланыстар
Толық және толық емес туыстар
- Толық туыстар — бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар.
- Толық емес туыстар — әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болған жағдайда.
Ерекше атаулар
- Аналары бір, әкелері бөлек болса — бір кіндіктен таралғандар.
- Әкелері бір, шешелері бөлек болса — қандастар.
- Өгей әке-шеше және өгей ұл-қыз — сүйек жақындар ретінде қарастырылады.
Отбасы түрлері: толық және толық емес
Толық отбасы
Толық отбасында ата-ана, балалар және көбіне аға ұрпақ өкілдері — ата мен әже (әке жағынан да, шеше жағынан да) бірге болады.
Толық емес отбасы
Толық емес отбасы — балалардың ата-анасының біреуі ғана болатын жағдай. Егер ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, мемлекет жәрдемақы түрінде материалдық қолдау көрсетуі мүмкін.
Неке мен отбасын қорғау: екі тәсіл
Юрисдикциялық қорғау
Отбасының құқығы бұзылған немесе дау туындаған жағдайда өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бейюрисдикциялық қорғау
Отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Мысалдар
- Әкімдіктер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті.
- Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алу, алименттен жалтарған адамдарды іздестіру сияқты шешімдерді орындауға қатыса алады.
- Сот 10 жастағы баланың пікірін тыңдап, ата-анасының қайсымен қалатынын анықтауда ескеруі мүмкін.
Қорытынды: сабақты бекіту
Тест тапсырмасы (4 сұрақ)
І нұсқа
-
Өгей әке-шеше және өгей балалары қандай жақындар болып есептелінеді?
а) туыстық в) сүйек с) қандас
-
Туыстық неше тармаққа бөлінеді?
а) 3 в) 2 с) 4
-
Ата-аналар (немесе азамат) қалдыратын мүлікке қатысты еркін білдіру қалай аталады?
а) парыз в) өсиет с) жинақ
-
Отбасының неше түрі бар?
а) 4 в) 5 с) 2
ІІ нұсқа
-
Неке жасы неше жас?
а) 18 в) 13 с) 20
-
Заңды түрде некеге тұру үшін алдымен қайда барады?
а) АХАТ-қа в) сотқа с) мешітке
-
АХАТ қандай мағынаны білдіреді?
а) азаматтық хал актілерін тіркеу в) қамқоршылық органы с) неке сарайы
-
Ата-анасы ажырасқанда сот неше жасқа толған баланың пікірін тыңдауға міндетті?
а) 10 в) 7 с) 6
Тексеру тәртібі
Оқушылар тест парақтарын алмастырып тексереді. Дұрыс жауаптар тақта арқылы көрсетіледі.
«Мың бір мақал» ойыны
Бірінші топ отбасы және бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдің немесе өсиет сөздің алғашқы бөлігін айтады. Екінші топ жалғастырып, мағынасын түсіндіреді.
Өсиет сөз үлгісі
«Баланың балалығын тыйдым дегенше, ержеткендігі даналығын тыйдым деңіз.» (Руссо)
Түйін: балаға шамадан тыс тыйым салу, сәби кезінен қаталдықпен тәрбиелеу оның дамуына кері әсер етуі мүмкін.
Мақал үлгісі
«Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.»
Түйін: баланың отбасы өміріндегі орны, береке мен жылылықтың мәні ашылады.
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі сабақтан не алдым?
- Не білдім?
- Не түйдім?
Бағалау
Үй тапсырмасы және сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалау.
Үй тапсырмасы
17-тапсырманы оқып келу.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!