Жыланды көрген шақта малшы өкінді, Достығын Сарымасаның сонда ұғып
Ахмет Байтұрсынұлы
Бір Малшы көлеңкеге келіп жатып,
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк шалғынның,
самал жерде тырайып қалды
сабаз ұйықтап қатып.
Келеді қара жылан шағайын деп,
Қапысын ұйықтағанда табайын деп.
Малшыны сол уақытта Маса шақты,
Оятып, бұл бәледен қағайын деп.
Ұйқысын Малшы оңды ашпай тұрып,
Өлтірді шағып тұрған Масаны ұрып.
Көтеріп жерден басын біраздан соң,
Қарады жан - жағына мойнын бұрып.
Жыланды көрген шақта малшы өкінді,
Достығын Сарымасаның сонда ұғып.
Сөзімнің сөкпеңіздер шолақтығын,
Демеңдер сөз жазуға олақтығым.
Жыланды Малшы көріп болғаннан соң,
Келмеді бір - біріне жолатқызғым.
* * *
Мысалы қазақ - малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле делік аңдып баққан.
Оның түрін көрген мен - Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп,
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді,
Қорқамын, Сарымасадай етеді деп
А. Байтұрсыновтың өмірі
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне сіңірген еңбегі
А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
А.Байтұрсынов аудармаларының маңызы
Эдип
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары. туралы
Қазмұнайгаз компаниясының тұрақты дамуы, компанияның болашақтағы табыстарының негізі
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
Қазіргі кездегі Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының жағдайы және даму болашақтары
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
Ауру тарататын ошақтар залалсыздандырылуда
АҚАНДЫ КӨРГЕН АТА
Корпорацияны қаржыландырудағы заемдық құралдары.
Адамға талай жерді көрген артық, Танысып әркімдерді білген артық