Мәтінді түсініп оқы
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі (1-сынып).
Сабақтың мақсаттары
- Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.
- Мұғалімнің көмегімен сөзді, сөйлемді, мәтінді тексеру және қателерін түзету.
Ойлау деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану.
Жетістік критерийлері
- Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.
- Мұғалімнің көмегімен сөзді, сөйлемді, мәтінді тексереді және қателерін түзетеді.
Тілдік мақсаттар (тірек сөздер — 3 тілде)
| Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|
| Піл | Слон | Elephant |
| Парта | Парта | Desk |
| Апа | Бабушка | Grandmother |
Құндылықтарды дарыту
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс арқылы достық пен жолдастықты нығайту.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі.
Бастапқы білім
Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
10 минут · Ұйымдастыру кезеңі (ұжымдық)
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді.
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Сабақтың ортасы
15 минут
№1 Оқылым
1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Сурет арқылы баяндап көр.
Жаралы кептер
Талап жаралы кептерді үйге алып келді. Жараланған жеріне йод жақты. Кептерді қорапқа салды. Алдына жем мен су қойды. Талап жазылған кептерді далаға ұшырды. Көк кептер әуелеп ұшып кетті. Талап қатты қуанды.
- Мәтінді түсініп оқиды.
- Сурет арқылы баяндайды.
№2 Айтылым
2-тапсырма: Ойлан, тап.
- Суреттің көмегімен П дыбысының сөздегі орналасу орнын анықтайды.
3-тапсырма: Артық сөзді тап.
Көл, өзен, теңіз, дала, шөл, тау, кітап.
- Артық сөзді табады.
- Неліктен артық екенін дәлелдейді.
Қосымша жұмыс: «Әліппе» әнін музыкалық әуенмен айту.
№3 Жазылым
Тапсырма: П дыбысы мен әрпін жазу.
- П дыбысын таниды және жазады.