Смайликтермен бағалау

Сабақ тақырыбы

«Қайдан келдің, Бауырсақ?» — еңбек нәтижесі ретінде нан мен бауырсақтың дастарқанға келу жолын түсіндіруге арналған саяхат-сабақ.

Мақсаты (білімділік)

Бауырсақ пен нанның дастарқанға қалай келетінін түсіндіру арқылы заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімді бекіту.

Мақсаты (тәрбиелік)

Еңбекқорлыққа баулу, үлкеннің еңбегін сыйлау, нанды қадірлеу мәдениетін қалыптастыру.

Мақсаты (дамытушылық)

Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымды кеңейту.

Көрнекіліктер

  • Слайдтар, плакаттар
  • Смайликтер
  • Тапсырмалар жазылған парақшалар
  • Бауырсақ (үлгі ретінде)

Сабақ түрі

Саяхат-сабақ: оқушылар жол бойындағы «кедергілерден» өтіп, тапсырмаларды орындау арқылы нанның және бауырсақтың жасалу жолын кезең-кезеңімен меңгереді.

Тапсырмалар дұрыс орындалса, оқушыларға смайликтер беріледі. Сабақ соңында сыйлық күтіледі.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық: сабаққа көңіл күйді реттеу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

4–5 оқушыдан «Шуақ» өлеңін сұрау.

Сұрақтар:

  • Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Көктемде адамдар қандай істермен айналысады? Көктемгі еңбек түрлерін ата.

Бүгін біз адамдар еңбегінің жемісі — нан мен бауырсақтың дастарқанға қалай келетінін танып-білеміз. Ол үшін Бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз және жолдағы тапсырмаларды орындаймыз.

III. Өткен сабақты бекіту

1-тапсырма: Жұмбақ шешу

  1. Күні бойы тынбайды, дәмді тағам жинайды. (Ара)
  2. Өзі айлакер, өзі қу, жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
  3. Құжынаған жұмыскер, бірлескенде тым іскер. (Құмырсқа)

Талқылау: Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

Осы заттардың қимылын білдіретін сөздерді табайық.

1-слайд

Көктемде трактормен жерді жыртып, бидайдың дәнін себеді.

2-тапсырма: Сәйкестендіру тесті

Ағаш

ойнады

Құс

өседі

Бала

ұшады

Біз заттың қимылын білдіретін сөздермен танысып жатырмыз.

Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

2-слайд

Диқандар жаз бойы егінді күтіп-баптап, өсіреді.

IV. Жаңа сабақ

3-тапсырма: Оқулықпен жұмыс

  1. Мәнерлеп оқып беру.
  2. Оқушылардың тізбектей оқуы.

3-слайд

Күзде комбайнмен егінді орып, элеваторға тасиды.

4-тапсырма: Авторымен танысу

Ө. Тұрманжанов — ақын, жазушы, аудармашы. 1905 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Жалғызағаш ауылында туған. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын қазақ тіліне аударған.

4-слайд

Элеваторда бидайды сұрыптап, оны диірменге жөнелтеді. Диірменде бидайды тартып, ұн жасайды.

Мұғалім ұнды көрсетеді (көрнекілік арқылы түсіндіру).

V. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін сергіту.

5-тапсырма

Сергітуге арналған тапсырма (мұғалім таңдауы бойынша).

VI. Дәптермен жұмыс

Жаттығулар

  • 1-жаттығу
  • 2-жаттығу
  • 3-жаттығу

5-слайд

Ұннан наубайханада нан, тәтті тоқаштар және бауырсақ пісіреді.

VII. Қорытындылау

Қорытынды сұрақтар:

  • Бауырсақ дастарқанға қалай келеді?
  • Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

VIII. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай смайликтер арқылы бағалау.

Үйге тапсырма

  • 244-жаттығу
  • 150-бет: мәтінді мәнерлеп оқу