Құрметті қонақтар, ата - аналар
Балабақшамен қоштасу кеші
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 «Күншуақ» балабақшасының «Құлагер» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды.
Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр-дуға жол бермей, әр баламызды қошеметтеп, әр сөзін мұқият тыңдап, өнеріне сүйсініп, қуаныштарын бірге бөлісулеріңізді сұраймыз.
Залға балалар әуенмен кіріп келеді.
Тілек-шумақ
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім, жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
2-жүргізуші
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Қошемет сөзі
1-жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, ұжымдастар, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.
Мерекелік жыр
2-жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән
«Біріншіге барамын»
Ақтілек
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке біз барамыз.
Нұрайым
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Жүргізуші ой-толғауы
1-жүргізуші
Бөбек еді, ол рас —
Кіп-кішкентай кешегі.
Бүгін, міне, азамат
Болды бәрі деседі.
2-жүргізуші
Тіл дамытып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап,
Тілейік ақ жолдарын.
Би
«Мы маленькие звезды»
Тақпақтар
Бексұлтан
Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.