Шешендік мектеп
Әдістемелік құрал туралы
Бұл әдістемелік құрал 1-сынып оқушыларына арналған «Шешендік сөздер» үйірмесіне арналып жазылды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқушылардың ана тілі пәні бойынша білімін кеңейтуді көздейді.
«Шешендік сөздер» курсы бойынша арнайы оқулық болмағандықтан, бағдарлама негізінде күнтізбелік жоспар құрастырылып, материал оқушылардың жас ерекшелігіне сай бейімделді.
Неге шешендік сөздер маңызды?
- Баланың тіл байлығын арттырады, сөйлеу орамдарын жетілдіреді.
- Өмірге көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін кеңейтеді.
- Сөздік қорын байытып, ұтымды ой айту дағдысын дамытады.
- Мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы ұлттық дүниетанымды тереңдетеді.
Шығармашылыққа мүмкіндік
Оқушылардың өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сахналық қойылымдар әзірлеуіне жағдай жасалады.
Кімдерге арналған?
Әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Құралда бағдарламаға сай күнтізбелік жоспар үлгісі ұсынылады.
Алғы сөз
«Өнер алды — қызыл тіл»
Құрастырылған әдістемелік жинақ оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың нәтижелі болуына ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі — оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл мәдениетін жетілдіру, сөз саптау дағдысын дамыту мақсатында дайындалды.
Бағдарлама бойынша күнтізбелік жоспар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Ізденіс барысында материалды оқырманға түсінікті, жүйелі ұсыну үшін курс мазмұны төрт тарауға бөлінді.
Курс құрылымы: 4 тарау
1) Кіріспе бөлім
- Халық даналығы
- Шешендік сөздер туралы қысқаша түсінік
- Шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуы
2) Негізгі бөлім
- Шешендік сөздердің түрлері
- Шешендік сын
- Шешендік толғау
- Шешендік сөздер құрылымындағы ерекшеліктер
3) Шешендік өнер
- Шешендік дәстүр
- Шешендік мектеп
4) Қорытынды бөлім
- Шешендік сөздердегі тіл шеберлігі
Ескерту
Аталған төрт бөлімде толық қамтылмаған кейбір тақырыптарды әр мұғалім оқушының ой-өріс деңгейіне және сыныптың білім жүйесіне қарай толықтырып, ықшамдап, өз қалауынша құрастыра алады.