Есепті оқыту

Сабақтың тақырыбы: Баға, құн, теңге

Бұл сабақта оқушылар ақша бірліктері туралы түсінігін кеңейтіп, баға мен құн ұғымдарының айырмасын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып меңгереді.

Мақсаты

  • Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Логикалық ойлау мен жылдам есептеу дағдыларын дамыту.
  • Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Теңгелер, ақша суреттері
  • Түрлі заттар (тауарлар), бағалар жазылған қағаздар
  • Топтық жұмысқа арналған ақ беттер, парақшалар

Әдіс-тәсілдер

  • Ойын, түсіндіру, топтастыру
  • Сұрақ-жауап, практикалық есеп құрастыру
  • Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу.
  • Оқу құралдарын түгендеу.
  • Сабаққа назарын аударту.

2) Үй тапсырмасын тексеру

4-есеп бойынша жұмыс: есепті оқыту, «Не белгілі? Не белгісіз?» сұрақтарына жауап беру, шешу амалын таңдау.

Қайталау сұрақтары

  • Сыйымдылық пен литр туралы не білдік?
  • Мөлшері литрмен өлшенетін қандай тағам түрлерін атай аласыңдар?

3) Тірек білімдерін жетілдіру

Топтастыру стратегиясы (топтық жұмыс)

  • 1-топ: 13 санының құрамын топтастыру
  • 2-топ: 12 санының құрамын топтастыру
  • 3-топ: 15 санының құрамын топтастыру

Әр топ тапсырманы орындайды, бір оқушы қорғайды.

«Есептеу машинасы» ойыны

Ойын шарты: тапсырма оқылады, оқушылар өрнектерді шығарып, парақша арқылы жауабын көрсетеді.

8+2 • 9+6 • 4+3 • 2+5 • 7

Үлгі жауап: 2

10 • 7+5+2 • 3 • 4+7 • 5+2

Үлгі жауап: 7

5+4 • 9+7 • 6+2+4 • 3+6

Үлгі жауап: 10

12 • 4+3 • 10+5+7 • 3+10 • 0 • 10+5 • 7

Үлгі жауап: 8

10+5 • 6+4 • 7+10 • 7 • 6+3 • 0 • 2+4

Үлгі жауап: 8

4) Жаңа сабақ: ақша, баға және құн

Ақша туралы түсінік

Ақша не үшін қажет? Оқушылардың күнделікті өмірден білетін мысалдарын тыңдау: дүкенге бару, зат сатып алу, төлем жасау.

Теңгенің шығу тарихы

1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді.

Негізгі ұғымдар

Баға
Бір заттың қанша тұратынын көрсетеді.
Құн
Сатып алынған барлық заттарға төленетін жалпы ақша.

«Дүкен» ойыны

  • Тауарларды сөреге қойып, бағасын ілу.
  • Мұғалім — сатушы, оқушылар — сатып алушылар.
  • Ойын барысында практикалық есептер құрастыру және шығару.

Үлгі

1 дәптер — 10 теңге. 2 дәптер алса: 10 + 10 = 20 теңге. Мұнда 10 — баға, 20 — құн.

Оқулықпен жұмыс: есеп құрастыру

Марат дүкеннен 50 теңгеге блокнот және 20 теңгеге сызғыш сатып алды. Марат барлығы қанша ақша төледі?

Шешуі: 50 + 20 = 70 теңге.

50 және 20 — заттардың бағасы, 70 — сатып алынған заттардың құны.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,
Оңға бір қарады,
Келе жатыр жұмысқа.
Солға бір қарады,
Алды допты қолына,
Биік тау деп ойлады.
Қойды допты жанына.

Есеппен жұмыс (талдау үлгісі)

Берілгені

Болды — 15 тг. Қалды — 5 тг.

Шешуі

15 − 5 = 10 тг.

Жауабы

Тәтті тоқаш 10 теңге тұрады.

5) Тақтамен жұмыс: «Кім шапшаң?»

Әр топтан 3 оқушы шығып орындайды. Жұмыс оқылып, тексеріледі.

Еске түсіру: қосу амалы

  • Қосу амалының компоненттерін атау (қосылғыштар, қосынды).
  • Өрнектен құралған қосылғыштар мен саннан құралған қосылғыштарды ажырату.

Мысал: 7 + 2 + 9

Еске түсіру: азайту амалы

  • Азайту амалының компоненттері (азайғыш, азайтқыш, айырма).
  • Есептерді 3 топқа бөліп шығару: оқу, талдау, шешу.

Топтық талдау үлгісі

1-топ

Есепті оқиды.

2-топ

Не белгілі, не белгісіз екенін талдайды.

3-топ

Шешуін айтады, бір оқушы тақтада орындайды.

Болды — 100 тг. Қалды — 40 тг. Қойын дәптер — ? тг

Шешуі: 100 − 40 = 60 тг. Жауабы: қойын дәптер 60 теңге тұрады.

Қосымша: кері есеп құрастыру.

6) Қорытындылау: логикалық тапсырмалар

  1. 1. Өрісте 10 қой жайылып жүр. 3 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қой қалды?
  2. 2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай?
  3. 3. Аулада 3 қаз, 2 тауық жүр. Барлығының аяқтары нешеу?
  4. 4. Отбасы мүшелері туралы жұмбақ-есеп: үйдегі бар кісінің саны қанша?
    Атам, әжем, ағам.
    Әкем, інім және мен.
    Анам және енесі,
    Енесінің бөлесі —
    Отыр едік шай ішіп.
    Жеңгем кірді майысып,
    Арқасында кіші інім.
    Саны қанша, айта ғой,
    Үйдегі бар кісінің?

    Күтілетін жауап: 10.

«Дұрыс — бұрыс» ойыны

  • 11 санын 2-ге кемітсе, 9 шығады.
  • 11 санын 9-ға кемітсе, 2 шығады.
  • 13 пен 7 сандарының айырмасы 5-ке тең.
  • 7 саны 12 санынан 5-ке кем.
  • 12 саны 6 санынан 6-ға артық.
  • 9 саны 17 санынан 8-ге кем.
  • 9 бен 5 сандарын 7-ге кеміткенде, 8 шығады.
  • 10 мен 2 сандарын 4-ке кеміткенде, 8 шығады.

Шығармашылық тапсырма

Фигуралардан әртүрлі пішіндер құрастыру.

7) Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

60-бет, 4-тапсырма.

Бағалау

Белсенді қатысуы, есепті дұрыс әрі түсінікті шығару, топтық жұмыстағы үлесі бойынша бағаланады.