Елордамыз қандай қала
Шымкент қаласы, №58 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Арынғазиева Қ. М.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бағыттары мен бөлімдері
Білім облыстары: таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық.
Білім бөлімдері: тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен танысу, сурет салу, жапсыру, құрастыру.
Тақырып және мақсат
Тақырыбы: «Оюлар сыры».
Негізгі мақсат:
Балалардың Қазақстанға, туған жеріне және табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру; ел байлығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін түсіндіру; ұлттық бұйымдар мен қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстыру; ойлау қабілетін дамыту.
- Әдеби сөздерге, мақал-мәтелдер мен тақпақтарға қызығушылығын арттыру, оларды үйренуге ынталандыру.
- Өз ойын жеткізіп, берілген сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге үйрету.
- Бастырып салу әдісімен қылқалам және су бояумен жұмыс істеу, желімдеп жапсыру және құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Қос тілді компонент: Өрнек — узор.
Light ModeМотивациялық-қозғаушылық кезең
Балалардың назарын қонақтарға аударып, «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
Сұрақ-жауап
Тәрбиешінің сұрақтары
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Елордамыз қай қала?
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Ұлтымыз кім?
- Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалардың ықтимал жауаптары
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстан — тәуелсіз мемлекет.
- Елордамыз — Астана.
- Біз Шымкент қаласында тұрамыз.
- Ұлтымыз — қазақ.
Қазақстан туралы тақпақтар
Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суғарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Әйнегі — күн, шатыры — аспан, кең дала,
Төл толған егін, көлдері күміс шашқан —
Қазақстан Республикасы менің.
Мы живем в стране особой,
Самой дружной, самой доброй.
Мы гордимся ею —
Родиной своею.
Ұйымдастыру-ізденушілік кезең
Туған жер ұғымын тереңдету, табиғат пен ұлттық құндылықтарды таныстыру.
Туған жер деген не?
Балалар, басқа жаққа қонаққа барғанда немесе ата-аналарыңмен алыс сапарға шыққанда өз үйлеріңді, туыстарыңды, достарыңды, көше-аулаларыңды сағынасыңдар ма? Туған жер деп нені айта аламыз?
Біздің туған жеріміз, ата мекеніміз — Қазақстан.
Қазақстан — табиғаты әсем, жері кең, пайдалы қазбаларға бай өлке.
Қазақстанның байлығы мен табиғаты
Пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбаларға көмір, газ, мұнай, алтын жатады.
Өсімдіктер мен егіншілік
Арпа, бидай, күріш, тары, жүгері сияқты дәнді дақылдар өсіріледі; бау-бақша да мол.
Жануарлар дүниесі
Түрлі жан-жануарлар, құстар мен жәндіктер мекендейді.
Еңбек пен кәсіп
Халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады.
Туған жердің табиғаты әр адамға ерекше әсер етеді. Адам алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады, оны ешнәрсеге айырбастамайды. Адамның туып-өскен, білім алып, өмір сүретін мекені — Туған жер немесе Туған өлке.
Өлеңдер мен мақал-мәтелдер
Атқұлақты ат қылып,
Асыр салған — осы жер.
Ақ батпаққа аунасып,
Жарыс салған — осы жер.
Айналайын, туған жер,
Кіндік қаным тамған жер!
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
My Kazakhstan, my wonderful motherland.
There are a lot of things:
Big mountains, rivers, and
Friendly people.
My motherland, Kazakhstan,
The best place in the world.
It is the place where I was born.
My motherland, Kazakhstan,
I love you very much!
Мақал-мәтелдер
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
- Ел іші — алтын бесік.
- Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
Елорда және өңірлер
Күннен күнге көркейіп, әсемдене түскен елордамыз — біздің мақтанышымыз. Қазақстанда көптеген ірі қалалар бар.
Біздің өлкеміз Оңтүстік өңір деп аталады. Табиғаты көз тартарлық әсем: бидай мен мақта алқаптары, бау-бақша, таулы аймақтар және егістік жерлер мол.
Көшпелі өмір және киіз үй мәдениеті
Бұрынғы уақытта халқымыз көшпелі өмір сүрген. Себебі мал шаруашылығымен айналысып, қой, сиыр, жылқы, түйе баққан. Жазда шөбі шүйгін жайлауда, қыста қыстауда қоныстанған.
Киіз үй — көшпелі өмірге қолайлы баспана.
Үй іші жиһаздармен толықтырылып, барлығы ұлттық нақышпен әшекейленген: ұлттық киімдер, ыдыс-аяқтар, тұрмыстық бұйымдар ою-өрнекпен безендірілген.
Ойын
«Киіз үйдің ішінде қандай бұйымдар болады?» ойыны.
Ою-өрнек: бейнені өрнекпен жеткізу
Ежелден келе жатқан түсінік бойынша жан-жануарлардың бейнесін тікелей салмай, оны ою-өрнек арқылы ишаралаған. Бірнеше оюды біріктіру арқылы күрделі өрнектер жасалған.
Қошқар мүйіз
Дәстүрлі ең кең тараған ою.
Ботамойын
Иірім, мойын пішініне ұқсас өрнек.
Сынық мүйіз
Бұрышты, қиылысты сызықтармен беріледі.
Құс қанаты
Қанат серпінін еске түсіретін өрнек.
Бұғы мүйіз
Иірімдері көп, сәндік өрнек.
Толқын, ирек
Су ағымы, қозғалыс ырғағын бейнелейді.
Қорытынды бөлім
Қазіргі таңда балалардың ұлттық киімдер мен бұйымдар көрсетілімі ұйымдастырылады (әуен ойналады).