Ұлпан романындағы Ұлпан образы
Қазақ әдебиеті (9-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана мен әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға романның мазмұнын, идеясын және тақырыбын меңгерту. «Ұлпан» романының қазақ прозасындағы ана бейнесін жасаудағы биік көркемдік деңгейін таныту.
2) Дамытушылық
Басты кейіпкерлердің өмірде болғанын, тарихи-типтік образ ретінде қалыптасқанын оқу мен жазу арқылы дәлелдеп, өзара кеңесе отырып жеке және топтық талқылауға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Қасиетті тарихи тұлғалардың болмысын тани білуге баулу. Ұлпан ананың бойындағы ізгі қасиеттерді дәріптеп, үлгі ету.
Көрнекіліктер
- Маркер, ақ қағаз
- Кубик, тірек сызбалар
- Электронды оқулық («Қазақ прозасындағы аналар бейнесі»)
- Интернет материалдары
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың түрі
Шығармашылық-ізденіс сабағы
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- 2 Ойын арқылы оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
II. Өткен сабақты пысықтау
Кіріспе: Өресі биік өнер иесі, әдебиетке ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында келген қаламгер Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің бірқатар шығармаларымен танысып келдік. Ойды жинақтау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:
- 1 Ғ. Мүсіреповтің алғашқы көлемді туындысы қайсы? Онда өмірдің қандай шындығы бейнеленеді?
- 2 1928 жылы жазылған прозалық шығармасы қандай? Онда қандай өмір баяндалады?
- 3 Ғ. Мүсіреповтің сатиралық әңгімелеріндегі өмір шындығын түсіндіріңіз («Талпақ танау», «Шұғыла»).
- 4 Сатиралық әңгімелерінде қандай образдар күлкі, әжуа арқылы сыналады?
- 5 Неліктен Ғ. Мүсіреповті «адам жанының зерттеушісі» дейміз? Нақты дәлелмен түсіндіріңіз.
III. Жаңа сабақ
Тірек сызба арқылы оқушылардың ойын жинақтап, жаңа сабаққа бағыт беремін: Ғ. Мүсірепов шығармалары әр алуан тақырыпты қамтиды — Отан, туған жер, өндіріс, табиғат, махаббат, ерлік. Сонымен бірге жазушы ана мен әйел тақырыбын да терең ашады: «Ер ана», «Ақлима», «Ананың анасы», «Ұлпан», «Ананың арашасы».
Сюжеттік жоспар (үй тапсырмасы негізінде)
«Ұлпан» романын бөлімдерге бөліп, әр бөлімге тақырыпша қою. Төмендегі жоспар бойынша мәтінді мазмұндату:
I топ
Есенейдің анасы
II топ
Әмеңгерлік
III топ
Күшік күйеу
Топтық тапсырмалар: Ұлпан бейнесін талдау
Мазмұнмен танысқаннан кейін үш топқа кейіпкер бейнесін ашуға арналған үш түрлі тапсырма беріледі.
I топ
Із қалдыруҰлпанға қатысты оқиғаларды теріп жазып, оқулықтан тиісті беттерін анықтайды.
| Тақырыпша | Бөлім | Беттері |
|---|---|---|
| — | — | — |
II топ
Семантикалық картаҰлпанның елге жасаған қызметін және Ұлпан туралы ел-жұрт пікірін оқулықтан жинақтайды. Нәтижені «Ұлпан – ұлт анасы, ел анасы, халық анасы» тұжырымы аясында дәлелдейді.
Ұлпанның елге жасаған қызметі
—
Ұлпан туралы ел-жұрттың пікірі
—
III топ
СалыстыруЭлектронды оқулықтан алған әсерлеріне сүйеніп, М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнелерінің ортақ қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтайды.
| Ұлжан | Ортақ қасиеттері | Ұлпан |
|---|---|---|
| — | — | — |
Осы әдістер арқылы Ұлпан бейнесін жан-жақты танытып, оқушылардың өз бетінше ізденіп жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Қорытындылау кезеңінде кубизм тәсілі қолданылады. Ұлпан бейнесін ашуға бағытталған нақты сұрақтар беріледі. Оқушының көзқарасы, дәлелдеуі және өз пікірін қорғау шеберлігі бағаланады.
- 1 Суреттеңіз: романға композициялық жоспар жасаңыз.
- 2 Салыстырыңыз: 20-жылдары жазылған ана-әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз.
- 3 Зерттеңіз: шығармадағы шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз.
- 4 Қолданыңыз: романнан үзінді алып, рөлдік ойын немесе көрініс дайындаңыз.
- 5 Елестетіңіз: Ұлпанның қайталанбас, біртуар тұлға екенін дәлелдеп, «Ұлпандай ел анасы бүгін арамызда бар ма?» деген сұраққа ой жүгіртіңіз.
- 6 Қарсы шығыңыз: романда автор позициясымен келіспейтін тұстар болса, дәлелмен қарсы пікір білдіріп, өз көзқарасыңызды қорғаңыз.
Эссе
Ғ. Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларынан қандай ой түйдіңіз?
V. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасы (дәлелді пікір, талдау, топтық жұмысқа қатысу) негізінде бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқып, олардың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.