Ұшып келем өлеңін жатқа айт

Сабақтың тақырыбы

«Тасбақаның шөбі» (Әбіш Кекілбаев).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға автор туралы мәлімет беру; олардың қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық

Тасбақа туралы білімдерін ортаға салдыру арқылы тілін дамыту; өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу; байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға, табиғатты аялауға және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Семинар сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ–жауап
  • Түсіндіру
  • Топтастыру
  • Дәлелдеу
  • Талдау
  • БҮҮ стратегиясы
  • Шығармашылық жұмыс
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Сызбалар
  • Суреттер

Техникалық құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топтық жұмысқа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру және өткенді қайталау

«Бәйге» ойыны арқылы сұрақтарға ауызша жауап алу (I слайд).

  1. Оң жақтағы — 20 Тапсырма

    Өлеңнен қайталанып тұрған сөзі бар шумақты жатқа айт.

  2. Сол жақтағы — 20 Тапсырма

    Туған жердің құдіретті күшін көрсететін шумақты тауып оқы.

  3. Ортадағы — 50 Тапсырма

    Туған жер, ел туралы мақал-мәтел айт.

  4. Оң жақтағы — 30 Тапсырма

    Ұшқыштың туған жерін сүю сезімін суреттеген шумақты жатқа айт.

  5. Ортадағы — 40 Тапсырма

    «Ұшып келем» өлеңін жатқа айт.

  6. Оң жақтағы — 60 Тапсырма

    Осы тарауда жаттаған туған жер, Отан туралы өлеңдерді жатқа айт.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Ойды жинақтау (II слайд): жолдары араластырылған мақал-мәтелдерді мағынасы ашылатындай етіп реттеп айту.

Берілген жолдар

  • Өз елімнің тасы болмасам да,
  • Туған жердей жер болмас,
  • Туған жер — тұғырың,
  • Аққу көлін аңсайды,
  • Сайының тасы болайын,
  • Туған елдей ел болмас,
  • Дала көркі — мал,
  • Туған ел — қыдырың,
  • Өзен көркі — тал,
  • Адам туған жерін аңсайды.

Жинақталған нұсқа

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Туған жер — тұғырың,
Туған ел — қыдырың.

Дала көркі — мал,
Өзен көркі — тал.

Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Өз елімнің тасы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Табиғат — біздің ортақ үйіміз, яғни бізді қоршаған орта. Туған жеріміз кең де байтақ, табиғаты көркем. Жерімізде тіршілік ететін аң-құстарды, жануарларды, жәндіктерді, ағаштар мен өсімдіктерді қорғау — бәріміздің парызымыз.

Сұрақ-жауап

  • Табиғат нешеге бөлінеді?
  • Тірі табиғатқа нелер жатады?
  • Жан-жануарларды қандай топтарға бөлуге болады?

IV. Жаңа сабақ

а) Қызығушылықты ояту

III слайд бойынша жұмыс.

ә) Жұмбақ шешу

Күнімен, түнімен
Көшіп жүр үйімен.

Жауабы: Тасбақа

Бауырында төрт таған,
Арқасында тостаған.

Жауабы: Тасбақа

б) Мәтінмен таныстыру

Ә. Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен таныстыру (IV слайд).

в) Автор туралы мәлімет

Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.