Анамның мейірімі ғажайып, Әкемнің пейілі ғажайып
Мерекелік концерт
Армысыздар, аяулы да қымбатты аналар, қадірлі қонақтар! Көктемнің алғашқы күнінде — 1 наурыз, Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Алғыс айту күні туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес, 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланды.
Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі мен ықыласы үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, атқарған еңбегіне жоғары баға беруі. Ендеше, бір-бірімізден жан жылуымызды аямағай!
Кештің мақсаты
Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ардақты аналарымызға құрмет көрсету, нәзік жанды арулардың қоғамдағы рөлінің айрықша екенін дәріптеу, қуаныш сыйлап, алғыс айту.
Көрнекілігі
- Ұлағатты сөздер
- Суреттер
- Шарлар
- Шақыру билеттері
- Үнтаспа
- Гүлдер және т.б.
Кештің барысы
- 1 Қонақтарды кешке шақыру
- 2 Қонақтарды қарсы алу
- 3 Жылы лебіз, тілек білдіру
- 4 Өнер көрсету
- 5 Құттықтау сөздер
- 6 Жалпы қорытынды
Жүргізуші сөзі
Көктем және Ана туралы арнау
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі — аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
«Ана» деген — тіршіліктің тірегі,
Жасай берсін қасиетті аналар!
Келесі номер
Сіздердің құрметтеріңізге ардақты да аяулы қыздарыңыз бен келіндеріңіз — сүйікті тәрбиеші-педагогтарымыз «Көктем шуағы» биін тарту етеді.
Көркемдік жетекшісі: Искакова Гаухар Заинденқызы
Қарсы алыңыздар!
Балаларға тілек
Балалар аман болсын әр үйдегі,
Таусылмасын ананың әлдилері.
«Анашым» деп ортада ән салады,
Раушанның шуақты сәбилері.
Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Отбасы құндылықтары туралы арнау
Әжемнің әлдиі — ғажайып,
Анамның мейірімі — ғажайып,
Әкемнің пейілі — ғажайып.
Осындай жақсы әдет — ғажайып,
Қалмасын ешқашан азайып.
Ән
«Әке — Ана» — «Көгершін» тобының атынан, «Үздік тәрбиеші — 2016» байқауының бас жүлде иегері Сағымжан Гаусар.
Тәрбиеші: Тайтаразова Айдана
Қарсы алыңыздар!
«Рахмет айтамын!»
Бүгінгі мерекенің өзегі — алғыс. Әр жүректен шыққан бір ауыз жылы сөз бен шынайы ықылас адамдарды жақындатады, мейірімді көбейтеді. Көңілге қуаныш, шаңыраққа береке тілейміз!