Қоштасу қиын әрі қызық

Білім мен тәрбиеге жауапкершілік

Бүгінде білім беру саласы әлемдік стандарттарға ұмтылып, заман талабына сай жас ұрпақты дамыту қажеттілігі айқын сезілуде. Осы бағытта мемлекет деңгейінде білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа жауап ретінде мен де бала тәрбиесіне өз үлесімді қосып жүрмін.

Балаларды отансүйгіш, ұлтжанды, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға етіп тәрбиелеу — мен алға қойған негізгі мақсаттарымның бірі.

Негізгі ұстаным

  • Отансүйгіштік пен ұлтжандылықты қалыптастыру
  • Адамгершілік құндылықтарды күнделікті тәжірибеде орнықтыру
  • Баланың мектепке психологиялық тұрғыдан дайындығын қолдау

«Қош бол, балабақша» — қимастық пен үміт тоғысқан сәт

«Қош бол, балабақша» — балалардың балабақшамен қоштасар сәттегі көңіл күйін, тәрбиешінің аналық ақ тілегін және ата-аналармен арадағы жылы ықыласты көрсететін әсерлі мереке.

Неліктен қоштасу қиын?

Қиындығы — тәрбиеші мен балалар арасында жылдар бойы қалыптасқан қимастық, мейірім мен сүйіспеншілікте.

Неліктен бұл сәт қызық?

Қызығы — балаларды беймәлім білім әлемі, яғни мектеп өміріне деген құлшыныс пен қызығушылық жетелейді.

Ақ тілек

Ұшқалы тұрған ұядан,

Түлектерім, аман бол.

Алдарыңда сендердің,

Қаланған сүрлеу, сара жол.

Шақырады мектебің,

Қоштасатын кез келді.

Сағынамыз сіздерді,

Ұмытпаңдар біздерді.

Осындай қимастық сезімге толы, кейде көзге жас үйіретін «Қош бол, балабақша» ертеңгілігінің нұсқасын әріптестер назарына ұсынамын.

Сахналық ескерту

Зал іші мерекелік түрде әсем безендірілген.

Сценарий: жүргізуші сөзі және қарсы алу

Жүргізуші

Қадірлі ата-аналар, қонақтар және балабақша ұжымы! Бүгін біз бірнеше жыл бойы мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Талай қызық күн өткіздік — орны әрдайым ерекше. Бақшамен қоштасатын бүгінгі той да ерекше.

Ендеше қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

(Әсем саз әуенімен аты аталған балалар екі-екіден кіреді.)

Жүргізуші (өлең жолдары)

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл-ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

Ән: «Біздің балабақшада»

Көрініс: «Ормандағы мектеп»

Сахналық жағдай

Көңілді әуен естіледі. Маймыл мен жолбарыс киімін киген екі бала қолдарына оқушы сөмкесін ұстап кіреді. Залды бір айналып өтіп, бөренеге отырады.

Маймыл

Ой, шаршадым!

Оқушы болу қандай қиын екен?!

Жолбарыс

Онда бөренеге отырып демал.

Сен неден қорқасың? Мен қорықпаймын. Мектепке баруға дайынмын.

Маймыл: Солай ма? Ендеше білімімізді тексерейік.

Жолбарыс: Қалай?

Маймыл: Ормандағы мектепке барайық.

(Екеуі жүгіріп ормандағы мектепке келеді.)

Кірпі — мұғалім

Сәлеметсіңдер ме? Жайғасып отырыңдар.

Алған білімімізді қайталауды есептен бастайық. Қане, көжек, санамақты айтып бер.

(Көжек қалтырап, әрең орнынан тұрады.)

Көжек: Санамақты білмедім. Көмектесші, балалар.

(Балалар санамақ айтып көмектеседі.)

Енді, түлкі, сен кел. Өнеріңді көрсет: Отан туралы сөйлем құрап, тақпақ айтып бер.

(Түлкі дәптеріне жалтақтай береді.)

Кірпі — мұғалім: Дәптерге олай қарама. Ұстазды алдауға бола ма?

Балалар: Біз көмектессек бола ма?

Кірпі — мұғалім: Әрине. Отан туралы білетіндеріңді ортаға салыңдар.

Отан туралы тақпақ жолдары

Отан деген — ұлы ана,

Отан деген — ғұлама.

Мен ғана емес, атам да

Перзент екен Отанға.

Отан деген — атамекен,

Отан деген — туған жер.

Отан — ана, Отан — үлкен,

Қазақстан — туған жер.

Мақал-мәтелдер

  • Отан — оттан да ыстық.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Сөйлем құрау және сызба жасау

  • Менің Отаным — Қазақстан.
  • Мен Отанымды сүйемін.

Кірпі — мұғалім: Енді, қонжық, сен кел. Сурет салып көрсет.

Автор туралы

Мекеме

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай ауылы, «Аружан» балабақшасы МКҚК

Маман

Психолог — Атшибаева Алия Рашевна