Танакөз Толқынқызының өлеңдері

Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сөйлесем сілкінер бір дәуір
Сөйлесем сілкінер бір дәуір,
О, несі ішінен тынғаны?
Күтудің салмағы зілмауыр
Еңсемді көтертпей тұрғаны.

Әңгіме тыңдаймын құлықсыз,
Білмеймін дәл қазір нақ кіммін?
Іздеймін біреуді ырықсыз,
Егіліп жылауға шақ тұрмын.

Шақ тұрмын күл болып кетуге,
Бір дауыл тұрады - ау кешікпей!
Бір - ақ сәт гүл болып кету де,
Бір - ақ сәт өбісу өшікпей.

Үнсіздік – ең ауыр жаза бұл,
Азабын мен ғана айта алам.
О, жетер, бүгінгі мазағың
Жетеді... тіл қатшы қайтадан...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

ГҮЛНАР САЛЫҚБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СІЗ СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІ
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Қызметтік хаттың құрылымы
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Балаларға патриоттық рух беруде Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері
Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес
Менің сыныбымнан жеті оқушы салтанатты жиынға қатысып, атамызға арнаған өлеңдерімізді оқыдық
Орыс тіліндегі оның өлеңдерін біз осында бір келгенде Олжас Сүлейменовке көрсеттік
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері жинағы
Менің ойымша - Абай атамыздың өлеңдерінен көп үлгі, тәрбие алуға болады
Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы
Анам тілі, Домбыра өлеңдері
Өлеңдерімді оқысам