Электронды оқулықтан тест тапсырмаларын беру
Тақырып
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
Сабақ түрі
Жарыс сабақ
Сабақ әдісі
Сұрақ–жауап
Жаңа технология
«Тәй–тәй» бағдарламасы, топтастыру
Көрнекілігі
Ребус, видеопроектор, электронды оқулық, компьютер, тест, мақал-мәтелдер
Мақсаты
- Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын оятып, есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
- Тапқырлыққа, алғырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды топтарға бөлу, сайыс ережелерімен қысқаша таныстыру.
II. Психологиялық дайындық
- • Бүгін қай күн?
- • Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?
- • Желтоқсан айының 1 күні қандай мереке аталып өтті?
- • Тағы қандай мерекелер бар?
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Оқушыларға осы мерекеге арнап тілектер айтқызу.
Үй тапсырмасы
Ғұлама ақын-жазушылардың математика туралы айтқан нақыл сөздерін мәнерлеп айту.
«Әлем математика тілімен бейнеленген.»
«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.»
«Білмегенді сұрап үйренген — ғалым. Арланып сұрамаған өзіне — залым.»
«Ғаламдағылардың барлығы математика заңдарына бағынады.»
«Білім — адам баласының ортақ қазынасы.»
«Білімді адамдар — XXI ғасырдағы адамзат дамуының негізгі күші.»
«Ғылым халыққа пайдасын тигізсе ғана қызықты.»
III. Негізгі бөлім
Сабақ тақырыбы ребус шешу арқылы ашылады. Одан кейін сайыс шарттары таныстырылады.
Сайыс кезеңдері
- 1 Амандасу рәсімі
- 2 «Тапқыр болсаң, тауып көр»
- 3 «Ойлан тап»
- 4 «Кім жүйрік?»
- 5 «Мақал — сөздің мәйегі»
- 6 Тест тапсырмалары
- 7 Топбасшылар сайысы
1-сайыс: Амандасу рәсімі
Топ
«Тапқырлар»
Тапқырлық таныту — мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
Сәлемдесу
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз — жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
«Тапқырлар» тобынан қарсылас топтарға сәлем!
Топ
«Алғырлар»
Болашақтың ұрпағымыз — білімді,
Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.
Сәлемдесу
Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз.
«Алғырлар» тобынан қарсылас топтарға сәлем!
2-сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Бұл кезеңде оқушылар берілген мәтінді есептерге ауызша жауап береді. Әр есептің ұпайы есептің деңгейіне сәйкес бағаланады.
10 ұпай
-
Бірінші үйде 30 адам тұрады, ал екінші үйде біріншіге қарағанда 20 адам артық. Екінші үйде неше адам тұрады?
Жауабы: 50
-
Аулада 16 ер бала ойнап жүр. Қыз балалар олардың санынан 6-ға кем. Аулада неше қыз бала ойнап жүр?
Жауабы: 10
20 ұпай
-
Марат 15 сөз жазуы керек еді. Ол 7 сөзді жазып қойды. Марат енді неше сөз жазуы керек?
Жауабы: 8
-
Асханада 8 литр сүт жұмсалғаннан кейін 6 литр сүт қалды. Бастапқыда асханада неше литр сүт болған?
Жауабы: 14
30 ұпай
-
Қоймада 60 қап күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада барлығы неше қап өнім қалды?
Жауабы: 70
Есептеу: 60 + 30 − 20 = 70
-
Дүкенге 20 жәшік қияр, 30 жәшік қызанақ және 40 жәшік қызылша әкелінді. Дүкенде барлығы неше жәшік көкөніс бар?
Жауабы: 90
Есептеу: 20 + 30 + 40 = 90
3-сайыс: «Ойлан тап»
Бұл кезеңде оқушылар қосуға берілген тапсырмаларды нұсқау бойынша орындайды. Сонымен қатар жанкүйерлерге ауызша логикалық сұрақтар ұсынылады.
Жанкүйерлерге логикалық сұрақтар
-
Кемпірқосақта неше түс бар?
7
-
Үш қойдың аяғы қанша?
12
-
Жұмылған көзбен нені көруге болады?
Түс
-
2 ғасырда неше жыл бар?
200
-
Қай кезде қолды «сумен кесіп алуға» болады?
Мұз болғанда
-
Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
2 сағат
-
Бір үйде 20 тауық бар, ал үйрек олардың санынан 2-ге артық. Бұл үйде қанша үйрек бар?
22
-
Асқар — Алтынайдың ағасы. Алтынай — Арманның анасы. Асқар Арманға кім болады?
Нағашысы
4-сайыс: «Кім жүйрік?»
Электронды оқулық арқылы геометриялық фигураларды жылдам тауып, атау тапсырмасы орындалады (1-топ және 2-топ бойынша).
Тапсырма: экраннан көрсетілген фигураларды анықтау және дұрыс атау.
5-сайыс: «Мақал — сөздің мәйегі»
Екі топ кезекпен сан қатысатын мақал-мәтелдерді айтып жарысады.
Бағалау өлшемі: нақтылық, жылдамдық, мақалдың толық әрі дұрыс айтылуы.
6-сайыс: Тест сұрақтары
Электронды оқулықтан тест тапсырмалары беріледі. Нәтиже бойынша ұпай қосылады.
7-сайыс: Топбасшылар сайысы
Топбасшыларға қысқа сұрақтар қойылады. Жауаптар жылдам әрі нақты айтылуы керек.
1-оқушыға сұрақтар
-
Ең кіші үш таңбалы сан?
100
-
Қосу амалын немен тексереді?
Азайтумен
-
Бір тәулікте неше сағат бар?
24
-
10 см-де неше дм бар?
1 дм
-
Жұлдыздың неше бұрышы бар?
5
-
Аспанда неше күн бар?
1
-
Адам қолында неше саусақ бар?
10
-
2 ондық 8 бірлік?
28
-
6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы?
30
-
Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады?
Тік төртбұрыш
2-оқушыға сұрақтар
-
Ең үлкен екі таңбалы сан?
99
-
Азайту амалын немен тексереді?
Қосумен
-
1 сағатта неше минут бар?
60
-
1 м-де неше см бар?
100
-
Шаршының неше бұрышы бар?
4
-
Адамда қанша көз бар?
2
-
Аспанда неше ай бар?
1
-
9 ондық 5 бірлік?
95
-
4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы?
70
-
Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының...
мәні өзгермейді
Қорытынды
Сабақ соңында ұпайлар қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталады. Әділқазылар алқасына сөз беріледі.