Қазақтың қасиетті жігіттері
Сайыстың барысы
Бұл кеш — ұл тәрбиесінің мәнін, ұлттық болмыстың биігін және өнер мен білімнің құндылығын дәріптейтін тағылымды сайыс. Қазақ танымында ұл — шаңырақтың иесі, әулеттің жалғасы. Сондықтан ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулу — ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
1-жүргізуші
Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Бізде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отырайық —
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
2-жүргізуші
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері —
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері —
Халқына қалқан болған қаһармандар.
Махмұтбай Әмірұлы жырлағандай, халқымыз ұл баланың дүниеге келуін ерекше қуаныш санаған. «Ұл туғанға күн туған» деген сөздің түбінде — ұрпаққа сенім, елдікке аманат бар.
Ұл тәрбиесі — ұлт тірегі
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» — ер жігітке қойылар талаптың биіктігін білдіреді. Бүгінгі XXI ғасырда білім мен ғылым дамыған кезеңде жігіттеріміздің үлкен белестерден көрінуі — ел мерейі.
Ендеше, қатысушыларымыздың өнерін, ептілігін, білімін және ақыл-парасатын бірге тамашалайық.
Шақыру
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық,
Ел дәстүрін қолдайық.
Ұлдар шықсын ортаға —
Бүгінгі сайыста сұлтан атанбақ!
Қатысушыларды таныстыру
6-сынып
Диас
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
5-сынып
Карим Аулиехан
Қызық болсын көргенің, жана берсін еңбегің.
Мәнді болсын өмірің, шалқи берсін көңілің!
Қатысушы
Айдос
Спорт пен білімді қатар ұстаған,
Талантпен табысқан, талаптан тайсалмаған.
Қатысушы
Нуралин Асхат
Өмір сынақ салса да, сүйкімді бол ата-анаңа, баршаға.
Еліміздің құрметті ұлы бол — жасың жүзге жеткенше шаршама!
Қатысушы
Әділхан
Жақсы мен жаманды ажырата білген,
Өнерімен тамсандырған жігітті қошеметпен қарсы алайық.
Бағдарлама
- 1. «Таныстырсам өзімді» — таныстыру
- 2. Бәйге
- 3. «Шебердің қолы ортақ»
- 4. «Сегіз қырлы, бір сырлы»
- 5. «Жинап көр»
- 6. Би жарысы
- 7. Бата беру
Өнер шашу
Той басталды, той басталды — қолға сырнай алайық!
Кел, шырқайық «Тойбастарды», қоштап кетсін халайық!
Келіншек күйі (ән шашу)
6-сынып оқушысы Ульбаева Аружан
Әділқазылар алқасы
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа салып, әділдікпен шеше біл!
Бұл бөлімде сайысқа баға беретін әділқазы мүшелері таныстырылады.
I кезең: «Таныстырсам өзімді»
«Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы. Танымайсың сен мені — мен қазақтың баласы!» деген жыр жолдарындай, алғашқы кезеңде әр қатысушы өз болмысын, қызығушылығын, мақсатын таныстырады.
Көркем нөмір
Дүниеде қымбат қой әке деген,
Баласын аялаған, мәпелеген.
Мен бүгін әкеге арнап ән саламын.
«Әке туралы ой» әні
6-сынып оқушысы Макатова Айжан