Конференцияның ұраны

Сабақтың тақырыбы мен жалпы сипаттамасы

Тақырыбы

Мың жаса, Тәуелсіз Қазақ елі!

Сабақтың түрі

Конференция сағаты

Ұраны

Тәуелсіздік — ел тірегі, білімді ұрпақ

Мақсаты

  • Оқушыларға тәуелсіз елін, жерін шексіз сүю арқылы тәуелсіздіктің қасиетті ұғым екенін ұғындыру.
  • Тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға үйретіп, отаншылдық сезімді ояту.
  • Ұлттың салт-дәстүрін, дінін және тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және әдістемелік негіз

Әдістері

Пікірталас, ой қозғау, болжау, кері байланыс

Технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, музыка, қолөнер

Конференцияның барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Бүгінгі конференцияға тәрбие жұмысы, әлеуметтік-құқық қорғау және психология салаларынан делегаттар қатысады. Делегаттарды қарсы алып, конференцияның жұмыс тәртібі таныстырылады.

II. Психологиялық кезең

«Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі. Одан кейін конференцияның тақырыбы мен ұраны жарияланады.

Оқырман конференциясы деген не?

Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрі. Оның мәні тек өткізілудің өзінде емес, әр оқырманның белгілі бір кітап туралы өз көзқарасын айтуы, пікірін дәлелдеуі және өзге пікірлермен санаса білуінде. Пікір алмасу форматы болғандықтан, оның өзегі — оқылған материалды талдау.

Мазмұны бойынша

  • Көркем шығармаларды талқылау
  • Арнайы, кәсіби және ғылыми әдебиеттерді талқылау (оқулық, монография, басылым)

Ұйымдастыру формалары

  • Тақырыптық конференция (бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше кітап)
  • Белгілі бір автор шығармашылығына арналған конференция

Автор қатысатын формат

Бұл формат шығарма авторымен жүздесуге мүмкіндік береді. Оқырманға автордың жеке өмірінен бөлек, шығармашылық ұстанымы мен идеялық бағытын талқылау ерекше әсер береді.

Көрермен–оқырман конференциясы

1970 жылдары кең тараған бұл форматта кітап талдауы экрандалған нұсқалармен (теледидар, кино) қатар жүреді. Оқырмандық және көрермендік қызығушылық біріктіріледі.

Сырттай оқырмандар конференциясы

Бұл формат бетпе-бет емес, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газет, кейде радио мен теледидар арқылы) өткізіледі. Артықшылығы — аудиторияның кеңдігі: адамдар қай жерде, қай уақытта болса да пікірлермен таныса алады. Мұндай конференциялар жергілікті авторлардың еңбектерін насихаттау, озық тәжірибені тарату мақсатында да ұйымдастырылады.

III. Үй тапсырмасын зерттеу

  • Зерттеп келген жұмыс пен жиналған ақпаратты қорғау
  • Болжау
  • Бекіту

IV. Тәжірибелік кезең

Көрермен–оқырман конференциясы топтық жұмыс форматында өткізіледі.

  1. 1 Бабалар аңсаған азаттық
  2. 2 Тәуелсіздікке 25 жыл
  3. 3 Мәңгілік ел — мұратым

V. Танымдық-ақпараттық кезең

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік толғауын» жариялаған болатын. Онда Тәуелсіздіктің мәні мен Мәңгілік Ел идеясының өмірлік философиясы туралы ойлары кеңінен баяндалады.

«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. “Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?” деген сауалды өзіме сәт сайын қоямын. Бұл ой орамдарын қағазға түсіріп, “Тәуелсіздік толғауы” деп атағым келді. Ол азат еліміздің барша азаматтарына, жалынды жастарға арналады».

— «Тәуелсіздік толғауынан» мазмұндық үзінді

Тарихи дата

1991 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген күні.

Тәуелсіздік таңдауы

Бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде өмір сүру; байлыққа дербес иелік ету; тағдырды өз қолымен айқындау.

Негізгі түйін

Тәуелсіздік — жалпыға ортақ еңбек: оқушының ізденісі, маманның еңбегі, азаматтың жауапкершілігі.

Толғау тыңдалып болған соң, қатысушылар Елбасына арнаған лебіздерін оқиды.

VI. Бекіту: «Тәуелсіздікке тілек»

«Күн дөңгелегі» ілінеді. Күннің әр сәулесіне қатысушылар тәуелсіздікке арнаған тілектерін жазып, орналастырады.

Тапсырма өзегі

Тілек арқылы құндылықтарды нақтылау: бірлік, білім, бейбітшілік, тіл, дәстүр.

VII. Рефлексия және бағалау

Әр топ берілген тапсырмалар негізінде өз логотипін жасайды. Соңында топтар пікір айтып, өзара кері байланыс береді.

Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік — баға жетпес құндылық

Тәуелсіздік — Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі жетістіктеріміздің бәріне Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары қарқынды дамып келеді.

Тәуелсіздік — ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Сондықтан Тәуелсіздіктің мәні айрықша.

Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

Көркем сөз

Қ. Сәрин — «Тәуелсіздік» өлеңі (оқылады)

Оқитын: Қиынбаева А.

Үй тапсырмасы

«Мен тәуелсіздікті қалай түсінемін?» тақырыбында эссе жазу

Дайындаған: Абдуллина Нұршат Қылышбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі