Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу
Сабақтың тақырыбы
§17. Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы.
Сабақтың мақсаты
Азот қышқылы және оның тұздары — нитраттардың қасиеттері мен қолданылуын қарастыру, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Нитраттардың айырылу реакциясында түзілетін өнімдердің металдың белсенділігіне тәуелді екенін түсіндіру. Ғылыми-материалистік көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың түрі мен әдісі
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Сөздік-көрнекі әдіс.
Көрнекілік пен құрал-жабдықтар
Көрнекілік
- Сызбалар мен тірек-сызбалар
- Деңгейлік тапсырмалар
Зертханалық заттар мен ыдыстар
NaNO3 (қатты)
AgNO3
H2SO4 (конц.)
NH4NO3
сынауықтар
мыс сым
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын анықтау.
- Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша білімді нақтылау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:
- 1. Азоттың қандай оксидтерін білесіңдер?
- 2. NO және NO2 қосылыстарына салыстырмалы сипаттама беріңдер.
- 3. HNO3-тың физикалық қасиеттерін айтып беріңдер.
- 4. Лабораторияда HNO3-ты қалай алады?
Негізгі тақырып
Нитраттар және азоттың табиғаттағы айналымы.