Сендер еліміздің болашағысыңдар
Кеңейтілген оқу іс-әрекеті: 1 қыркүйек — Білім күні
- Тобы
- «Болашақ ересектер»
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Көркем әдебиет
- Кіріктірілген оқу іс-әрекеті
- Сурет
- Тақырыбы
- Ақылбек Шаяхметов — «Білімің — бұлағың»
Мақсаты
Білімділік
Балалардың білімге деген ынтасын арттыру, сөздік қорын байыту, тақпақтарды мәнерлеп, нақышына келтіріп айтуға үйрету.
Тәрбиелік
Бір-бірін құрметтеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Балалардың ақыл-ойын, қиялын, өз Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар
- билборд
- слайд
- суреттер
- тақта
- оқу құралдары
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Шаттық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Ойын: «Кім білгір?»
Ойынның шарты: допты балаларға лақтыра отырып, сұрақ-жауап жүргізу.
- Бүгін қандай күн?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Кеше қандай мерекені тойладық?
- Ата заңымызға неше жыл толды?
- Қазақстан халқы Ассамблеясының неше жылдығын атап өтіп жатырмыз?
- Қазақ хандығына неше жыл?
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Бүгін Қатынас білім беру саласы бойынша көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің — бұлағың» өлең жолдарымен танысамыз.
Сұрақ-жауап арқылы талқылау
- 1 қыркүйек күні оқушылар қайда барады? Мектепте не істейді?
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар? Мектеп пен балабақша нені білдіреді?
- Балалар қайда бара жатыр? Қолдарында не бар?
- Мектептен және балабақшадан нені үйренеміз?
- Мектеп пен балабақшаның айырмашылығы неде?
Қос тілділік (сөздік)
- күз
- осень
- қыркүйек
- сентябрь
- мектеп
- школа
- кітап
- книга
Тосын сый: «Сиқырлы қорапша»
Оқу іс-әрекеті басталмай тұрып, топқа пошташы сиқырлы қорапша әкеліпті. Ішін ашып қарасақ, хат жатыр.
Хат мәтіні
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — Білім елінің ханшайымымын. Бүгінгі 1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын! Топтарыңда Білім күніне арналған оқу іс-әрекеті өтіп жатқанын естіп, хат жолдап отырмын. Сендер — еліміздің болашағысыңдар. Мен сендерге үш тапсырма беремін: осы тапсырмаларды орындап, бейнетаспаға түсіріп, маған жіберіңдер. Сендердің білімді екендеріңді көріп қуанып жүрейін. Алдын ала рақмет! Сау болыңдар!
Талқылау: «Білім ханшайымы» — бұл мұғалімнің бейнесі. Оның тапсырмалары арқылы балалардың білімге ынтасы мен жауапкершілігі бекітіледі.
Тапсырмалар және орталықтар бойынша жұмыс
Балалар орталықтарға текше арқылы бөлініп, Білім ханшайымының үш тапсырмасын орындайды.
Әдебиет орталығы
Ноутбук арқылы слайдтан оқу құралдарының атауын айту және «Білімің — бұлағың» өлең жолдарын жаттау.
Мақсаты
Сөздік қорын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту; тіл байлығын молайту.
Өнер орталығы
Кітаптың суретін бояу.
Мақсаты
Суретті ұқыпты, таза бояуға үйрету.
Үстел үсті ойын орталығы
Дидактикалық ойын: «Заттарды топтастыр және санын тап».
Мақсаты
Ойлау қабілетін арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.
Сергіту сәті
Біз балдырған баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарап қуанып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Қорытынды бөлім (рефлексия)
- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы өттік?
- Сендерге ұнады ма?
- Кім өлең жолдарын айтып бере алады?
- Өнер орталығында Білім ханшайымы қандай тапсырма берді?
- Тапсырмаларды дұрыс орындадық па?
Негізгі ой
Білім — таусылмайтын қазына. Білімге ұмтылу, тәртіп пен ұқыптылық, өзара сыйластық — әр баланың болашағына берік негіз.
Ақпарат
- Қала
- Қызылорда
- Ұйым
- №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы (КММ)
- Тәрбиеші
- Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы
- Материал
- Ақылбек Шаяхметов — «Білімің — бұлағың»