Қадыр Мырза ӘлиҚаңтардағы қыр жолыТитықтаған қойшылар, Тынған түздің бораны:Түйдек - түйдек бу шығарТұлыбыңа оранып
Қадыр Мырза Әли
Қаңтардағы қыр жолы
Титықтаған қойшылар,
Тынған түздің бораны:
Түйдек - түйдек бу шығар
Тұлыбыңа оранып...
Қас батырдан қаһарлы,
Ояздан да озбырлау
Аппақ дала,
Ақ орман,
Аттың үсті боз қырау.
Бұлдырайды, әне, ауыл
Буға ұстаған әйнектей.
Құлагердің танауы
Қайнап кеткен шәйнектей!
Жырақ завод түтіні
Жын - перінің шашындай...
Отырған ел күтініп
Қалмайды енді шашылмай!
Қазіргі үйің соғатын
Қүнан қойын сояды.
Ойқастаған тоқ атың
Оқыранып қояды.
Шолақ тонды,
Күртелі
Әжейлерің бұйығы
Әдеппенен сүртеді
Әжімді көз қиығын.
Көрсет мейлің,
Көрсетпе:
Босағандай бұрауың,
Жібітесің бір сәтке
Сен де кірпік қырауын!
Елдің еңіс - үстірті
Есінде әлі баланың...
Айдашы атты ысқыртып
Ғарышында даланың!
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Өлеңге орын табам
Ақтамберді жыраудың өмірі жайлы деректер
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Отырар қаласының пайда болуы
Ғұмар Қараш өмірі
Сәкен Иманасовтың публицистикасы
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
БУМЫН ҚАҒАН
ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
ҚАРАБУРА
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ БЕКЕТ