Адамгершілік - асыл қасиет пікірсайыс
7–8 сыныпқа арналған тәрбиелік шара
Тақырыбы: Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Мақсаты
- Ізгілік туралы түсінік қалыптастыру.
- Әдептілік пен инабаттылық жайында оқушылардың ой-пікірін дамыту.
- Қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке баулу.
- Үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Плакат
- Қанатты сөздер
- Мақал-мәтелдер
Сабақтың (шараның) барысы
- 1 «Ізгілік – адамгершіліктің белгісі» ойталқы.
- 2 «Саяхатқа шығу» ойыны (сұрақ-жауап).
- 3 Суретпен жұмыс: асыл қасиеттерге толы адамның бейнесін сипаттау.
- 4 «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайыс.
- 5 «Өзіңді тану адамгершілікке жетелейді» тренингі.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі «Ізгілік – адамгершіліктің белгісі» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
«Өзін ғана ойлаған — жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған — адамдықтың белгісі».
Бұл жолдардың мағынасы терең: адам баласындағы адамдықтың белгісі ең алдымен ізгіліктен бастау алады. Ендеше, адамгершілік дегеніміз не? Бұл — адам бойындағы асыл қасиеттердің жиынтығы.
Асыл қасиеттер
Егер осы қасиеттер адам бойында жоғары тұрса, оның адамгершілігі де жоғары болады. Сондықтан біз оларды бала кезден бойымызға сіңіруге тиіспіз. Ал керісінше, дөрекі сөз, шайпау мінез, менмендік, мақтаншақтық, керенаулық сияқты жағымсыз әдеттерден аулақ болғанымыз жөн.
Әдептілік туралы ой қозғау
Енді әдептілік жайлы ойларыңызды сұрақтар арқылы білгім келеді. Алдымен екі топ өздеріне тақырып таңдап алады.
Тақырыптар тізімі
- Сәлем — әдептіліктің белгісі.
- Қоғамдық көліктегі әдептілік.
- Дастархан басындағы мәдениет.
- Мәдени-көпшілік орындардағы әдептілік ережелері.
- Абайдың «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық — аздырар адам баласын» деген нақылын бүгінгі тақырыппен қалай байланыстырар едіңіз?