Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы
Арал көпсалалы колледжі
Арнаулы пән оқытушысы: Жұмабек Орынбаев
Сабақтың тақырыбы
Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы
Сабақтың түрі
Баяндау, талдау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Интерактивті тақта арқылы түсіндіру, техника түрлерін көрсету және талдау
Сабақтың мақсаты
- Әмбебап астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы мен негізгі бөліктерін меңгерту.
- Астық ору тәсілдері туралы түсінік беру.
- Комбайндарда қолданылатын қозғалтқыштардың қуаты мен айналу моменті туралы мәлімет беру.
Күтілетін нәтижелер
Білімділік
Өнім жинауда комбайнның ысырапты азайтып, бірнеше үрдісті қатар атқаратынын және оның механизмдерін түсіндіру.
Дамытушылық
Ата кәсіпке қызығушылық ояту, мамандыққа баулу, техникалық тілдік дағдыларды дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылық пен үнемділікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
А) Ұйымдастыру кезеңі
Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыпты тест сұрақтары арқылы қайталау.
Тест сұрақтары (дизель қозғалтқышы)
-
1) Дизель қозғалтқышында тұтану қалай жүзеге асады?
- A) электр ұшқынымен
- Б) газ қысымының ұлғаюымен
- В) ауаның сығылуынан қызу арқылы
-
2) Дизельде қоспа қай жерде түзіледі?
- A) цилиндрден тыс жерде
- Б) цилиндрдің толық көлемінде
- В) сығылу камерасында
-
3) Сеңгіршік қандай қызмет атқарады?
- A) электр ұшқынын шығарады
- Б) таза ауа енгізеді
- В) жанармайды бүркейді
-
4) Сеңгіршік инесі ұяшықтан ненің әсерінен шығады?
- A) серіппенің әсерінен
- Б) ауа қысымының әсерінен
- В) жанармай қысымының әсерінен
-
5) Сеңгіршікке жанармай қай бөлігі арқылы келеді?
- A) төбе тесігі арқылы
- Б) шүйде саптамасы арқылы
- В) ине ұяшығындағы тесіктен
-
6) Сеңгіршік тетіктері қай жеріне жинақталады?
- A) жақтауларына
- Б) төбесіне
- В) тұрық тетіктеріне
-
7) Сеңгіршікке жанармай қайдан келеді?
- A) төменгі қысымды сорғыдан
- Б) қол сорғыдан
- В) жоғарғы қысымды сорғыдан
-
8) Жоғарғы жанармай қысымын қалыптастыратын тетік:
- A) поршень
- Б) плунжер
- В) сықпақ (шток)
-
9) Артық (сытылма) жанармай қайда құйылады?
- A) төменгі қысымды сорғының құю аймағына
- Б) нәзік сүзгі тостағанына
- В) жанармай багына
-
10) Цилиндр ішіне жанармай қай жерден бүркіледі?
- A) бүріккіш инеден
- Б) бүріккіш қуысынан
- В) бүріккіш тесігінен
Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы
Өздігінен жүретін комбайнның негізгі құрылысы алты бөліктен тұрады: жатка, молотилка, шөмелелеуіш, жүріс бөлігі, қозғалтқыш және жинауыш.
Жатка (орақтық бөлік)
Жатка негізгі тораптар мен механизмдерді қамтиды:
- Бағдарлауыш башмактары және жатка тұрқы.
- Малтығыш тасымалдауышы бар көлбеу тұрқы.
- Теңселме механизмі және деңгейлеуіш.
- Реттегіш механизмі, қалбағайы және вариаторы.
- Тегершігі бар кескіш аппарат.
- Жетектегіш механизмі бар иірлік.
Молотилка (бастыру және тазалау бөлігі)
Молотилканың негізгі құрамдастары:
- Бастыру құрылғысы.
- Сабан сіліккіш.
- Тазалау және тасымалдау жүйесі (иірлік пен элеватор).
- Беріліс жүйесі.
- Басқару аймағы.
- Гидравликалық жүйе және электр жабдықтары.
Жүріс бөлігі
Вариаторлы жетек және жүргізгіш мостпен бірге бағыттаушы доңғалақтарды қамтиды.
Жүргізгіш мосттың құрамы
- Тізбектегіш
- Беріліс қорабы
- Дифференциал
- Доңғалақтар
- Тежегіш жүйесі
Қозғалтқыштар туралы мәлімет
- СМД-15К және СМД-17К дизельдері СТ-100 электр стартерімен жабдықталады.
- СК-6 және СКПР-6 комбайндарында қуаты 150 а.к. қозғалтқыш қолданылады; айналу жиілігі 1900 айн/мин.
Астық ору тәсілдері
1) Төте орып жинау (бір фазалы)
Бұл тәсілде комбайн егістікпен бір жүргеннің өзінде барлық жинау үдерістерін қатар атқарады: орады, бастырады (масақтан дәнді ажыратады), тазалайды, сабанды шөмелелеуішке жинап, шөмелеге түсіреді.
Артықшылығы: өте тиімді. Қолдану шарты: піскен, құрғақ егістікте.
2) Бөлшектеп ору (екі фазалы)
Егістік толық пісіп жетілмей, ылғалы жоғары болған жағдайда астықты алдымен орып, жалға (дестеге) тастап, бірнеше күн кептіру қажет. Кейін кепкен дестені жинап, бастыру жұмысы орындалады. Сондықтан бұл тәсіл бөлшектік немесе екі фазалы деп аталады.
Әдетте комбайн жаткасы алдыңғы бөлікке теңселмелі етіп орнатылып, тура оруға арналған. Бөлшектеп оруда дестелегіш жатка қолданылады: оны комбайн көтеріп жүреді, кейде тракторға тіркеледі. Кепкен дестені сағдарлап алу үшін жинауыштар пайдаланылады.
Елімізде бұл екі тәсіл де кеңінен қолданылады.
Жаңа сабақты бекіту
Бекіту сұрақтары
- 1Комбайн неше бөліктен тұрады?
- 2Комбайнға қандай қозғалтқыштар қолданылады?
- 3Комбайнды неге әмбебап деп атайды?
- 4Астық орудың неше тәсілі бар?
Үй тапсырмасы
Оқулықтан 356–362 беттер.
Қорытынды
Сабақта астық жинайтын комбайнның негізгі тораптары, олардың атқаратын қызметі және астық орудың бір фазалы және екі фазалы тәсілдерінің қолданылу жағдайлары қарастырылды.