Балалар елін бағындыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

«Балалар елін бағындыру» (ертегі)

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Әдістер

Топтау, сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, слайдтар

Көрнекілігі

Мақал-мәтелдер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Музыка, еңбекке баулу, дүниетану, дене шынықтыру

Мақсаттары

1) Білімдік

Ертегінің мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашу; жүйелі мазмұндауға үйрету; өз ойын және пікірін дәлелдеп айтуға дағдыландыру; жаңа сөздермен таныстыру.

2) Дамытушылық

Өз бетінше талдау, салыстыру, саралау арқылы шығармашылық қабілетті, ой-өрісті, сөздік қорды дамыту.

3) Тәрбиелік

Еңбексүйгіштікке, ынтымаққа, өнер мен білімге құштарлыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ барысы: «Балалар еліне» саяхат

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Ол жанбаса лапылдап —

Аспан қалай ашылмақ?

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін жатқа айту.
  • Өнер мен білім туралы мақал-мәтелдер айту.
  • Ғылым жетістіктерін атау.

III. Өткен тақырыпты бекіту

Оқушылардың өз ізденістері негізінде Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеу, ой бөлісу.

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

Өз мақсатымызға, арманымызға жетіп, жақсы өмір сүру үшін не қажет? Білім, еңбек, өнер, оқу, кітап, спорт, ойын және тағы басқа құндылықтар.

Мұғалімнің сөзі: аталған құндылықтардың өмірдегі маңызын тереңірек түсіну үшін біз «Балалар елі» деп аталатын мекенге саяхатқа шығамыз.

1-аялдама: Ойын патшалығы

Тапсырма

Ойынның пайдасы мен зияны қандай? 1-бөлімді оқып, талдау. Ойын туралы мақал-мәтелдер айту.

Түйін сөз

Бала ойынмен өседі.

2-аялдама: Еңбек

Тапсырма

Еңбектің пайдасын атау. 2-бөлімді оқып, талдау.

Түйін сөз

Адамды адам еткен — еңбек.

3-аялдама: Оқу

Тапсырма

Оқудың қажеттілігі қаншалықты? 3-бөлімді оқып, талдау.

Түйін сөз

Оқу түбі — тоқу.

4-аялдама: Спорт

Тапсырма

Спортпен шұғылдануға не кедергі болуы мүмкін? 4-бөлімді оқып, талдау.

Түйін сөз

Спорт — денсаулық кепілі.

5-аялдама: Өнер

Тапсырма

Өнер түрлерін атау. 5-бөлімді оқып, талдау.

Түйін сөз

Өнерлінің өрісі кең.

6-аялдама: Кітап

Тапсырма

Кейбір балалар неліктен кітап оқымайды? 6-бөлімді оқып, талдау.

Түйін сөз

Кітаптың бағасы арзан, іші толған маржан.

7-аялдама: Көңілге тоқы, сарала

Сөздік жұмысы

Мақрұм
бос қалу, құр қалу
Жүрек жалғау
тамақтану
Кемеліне келген
әбден дамыған, өркендеген

Мәтінге талдау

Ең маңыздысы

Оқу

Ең көңілдісі

Ойын

Ең ақылдысы

Кітап

Ең күштісі

Спорт

Ең жақсысы

Өнер

Өмірге тірек болатын құндылық

Еңбек

V. Жаңа сабақты бекіту

  • Ертегіні жалғастырып көру (шығармашылық тапсырма).
  • «Балалар елінің» тыныштығын бұзатын зиянды «жаулап алушылар» пайда болуы мүмкін бе? Пікірталас.

VI. Қорытындылау

Мәтін тақырыбы

«Балалар елін бағындыру»

Автор

Н. Ақышев

Кейіпкерлер

Балалар, ата-аналар, сондай-ақ құндылықтарды бейнелейтін ұғымдар: ойын, еңбек, оқу, кітап, спорт, өнер.

Немен аяқталады?

Елдің бақытты мекенге айналуымен.

Не үйрендік?

Адамға қажет құндылықтардың мәнін түсіндік.

VII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу, мақал-мәтелдерді жаттау.
  • Алты құндылықтың біреуі туралы эссе жазу (ойын, еңбек, оқу, кітап, спорт, өнер).

VIII. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының толықтығы, талдау сапасы және шығармашылық жұмысы негізінде бағаланады.