Білімді мыңды жығар аялдамасы
4-сынып • Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Түрі: саяхат-сабақ
Көрнекіліктер
- АКТ (презентация/анимация)
- Суреттер
- Плакаттар
Әдістері
Топтық және жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, пікірталас
Форматы
«Аялдамалар» арқылы оқу-саяхат
Бағыты
Отан, туған жер, рәміздер, тұлғалар, өлке байлығы
Мақсаты
Оқушылардың Отан туралы бар білімін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы жайлы не білетінін анықтау, алынған мәліметтерді жүйелеу және білімдерін бекіту.
Міндеттері
1) Білімділік
Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық
Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу; туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Тәрбиелік
Елі мен жерін сүюге, табиғи байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Хор: Әнұран
Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталады.
Сұхбат (кіріспе сұрақтар)
Мұғалім: «Отан деген не?»
Оқушылар: «Адамның туып-өскен жері, туған-туыстары, біз тұратын атамекен».
Мұғалім: «Біздің Отанымыз қалай аталады?»
Оқушылар: «Біздің Отанымыз — Қазақстан».
Мұғалім оқушыларды «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы саяхатқа шақырады (анимация, көлік дыбысы).
II. Негізгі бөлім
Топқа бөлу
Оқушылар санау арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топ атауы «Қазақстан» ұғымымен байланыстырылып беріледі:
1-топ
Туған жер
2-топ
Отан
3-топ
Атамекен
Саяхат бағыты: «Аялдамалар»
Сабақ мазмұны тақырыпты ашуға, білімді жүйелеуге және белсенді әрекет арқылы бекітуге құрылған.
-
1. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы
Тақырыпты ашу, негізгі ұғымдарды нақтылау.
-
2. Мемлекеттік тіл туралы
Елбасы жолдауынан үзінді арқылы тіл мәртебесін талқылау.
-
3. «Білгенге маржан» аялдамасы
Қазақстанның облыс орталықтарына шолу жасау.
-
4. «Миға шабуыл» аялдамасы
Топтық жұмыс: сұрақ-жауап, дәлелдеу, пікір алмасу.
-
5. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы
Ребус шешу, постер дайындау және қорғау.
-
6. «Ой қозғау» аялдамасы
Республика, облыс, аудан туралы қысқаша мәлімет беру.
-
7. «Кім біледі?» аялдамасы
Қазақстанға белгілі тұлғаларды тану, дерекпен толықтыру.
-
8. «Менің байлығым» аялдамасы
Ауданнан өндірілетін/шығатын өнімдер туралы әңгімелеу.
-
9. «Артық болмас, білгенің!» аялдамасы
Қызықты деректер, қорытындылайтын қосымша мәліметтер.
-
10. Рефлексия
Оқушылардың әсері мен үйренгенін қысқаша жинақтау.
Қорытынды
Байтақ дала — жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің.
Осы өлең жолдарымен құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Менің Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Дайындаған
Н. Қалыбаева
Қажет болса, толық нұсқасын бөлек файл ретінде ұсынуға болады.
Толық нұсқасын жүктеу