Топта бірлесе жұмыс атқарудың арқасында жеңіске жеттік

Сабақ тақырыбы

Жылдамдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке берілген кері жай есептер.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор ресурстары.

Сабақтың жабдығы

  • Үлестірме қағаздар
  • «Домино» ойыны
  • Сиқырлы шаршылар
  • Суреттер (мозайкаға арналған)

Негізгі идея

Қозғалысқа байланысты шамалар арасындағы байланыстарды түсіндіру және кері есеп құрастыру арқылы ойлауды дамыту.

Жалпы мақсаттар

  1. Жылдамдық, уақыт және қашықтық туралы түсінік қалыптастыру; кері жай есептер құруға және шығаруға дағдыландыру.
  2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге үйрету; математикалық ойлауды және есте сақтау қабілетін дамыту.
  3. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу және топтық қарым-қатынасты нығайту.

Күтілетін нәтиже

  • Жылдамдық, уақыт, қашықтық ұғымдарын түсінеді және қолданады.
  • Кері есептерді құрастырып, шығара алады.
  • Жеке және топпен жұмыс істеп, тапсырмаларды орындайды, дәлелдейді, есептейді.
  • Өз ойын еркін әрі толық жеткізеді.

Сабақ барысы

Топқа бөлу

Оқушыларға қима қағаздар таратылады. Олар қима қағаздардан сурет құрастырып, шыққан суретіне сәйкес топтарға бөлініп отырады.

Мозайка суреттері

  • Жаяу адам
  • Жеңіл көлік
  • Ұшақ
  • Жолаушы пойызы

Талқылауға сұрақтар

  • Бұл нысандар үнемі немен байланысты?
  • Олар қандай қозғалыста болады?
  • Жылдамдық, уақыт, қашықтық бір-бірімен қалай байланысады?

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Бүгінгі сабақта тапсырмалар орындалған сайын әріптер беріледі. Сол әріптерді дұрыс орналастыру арқылы бір сөз құрастырамыз.

Д Т Ә У Е Л С І З Д І К

Мақсат: тапсырмалар нәтижесінде құрастырылатын сөз — «ТӘУЕЛСІЗДІК».

Қызығушылықты ояту және тілдік кіріктіру

Үштілділік бағытын қолдау мақсатында қозғалысқа қатысты тірек сөздерді үш тілде айту ұсынылады (қазақша, орысша, ағылшынша). Бұл кезеңде оқушылардың сөздік қоры кеңейіп, пәндік ұғымдар нақтыланады.

Өткенді қайталау: «Домино» ойыны

Оқушылар «Домино» ойыны арқылы бұрынғы білімдерін еске түсіреді: жылдамдық, уақыт, қашықтық формулалары және шамаларды түрлендіру тәсілдері.

Жаңа сабақ: кері есептермен жұмыс

Топтарға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Әр топ берілген шаманы табуға бағытталған кері есепті шығарады.

Топтық тапсырмалар (үлгі)

  • I топ: 1а — S = ? (берілгені: S = 15)
  • II топ: 1ә — T = ? (берілгені: T = 3)
  • III топ: 2а — T = ? (берілгені: T = 2)
  • IV топ: 2ә — U = ? (берілгені: U = 90)

Қосымша айналым тапсырмалары

  • I топ: 4а — T = ? (берілгені: T = 2)
  • II топ: 4ә — T = ? (берілгені: T = 3)
  • III топ: 4б — T = ? (берілгені: T = 4)
  • IV топ: 4 — қорытындылау тапсырмасы

Қорытындылау

Оқушылар шешу жолдарын салыстырып, қандай жағдайда қандай формула қолданылатынын нақтылайды: S = U · T, U = S / T, T = S / U.

Сергіту сәті

Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақыт.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.

Жеке жұмыс және топтық бекіту

Үлестірмелі қағаздар (өлшем бірліктерін түрлендіру)

I топ

  • 5078 м = 5 км 78 м
  • 6787 м = 6 км 787 м

II топ

  • 28458 кг = 28 т 458 кг
  • 5780 кг = 5 т 780 кг

III топ

  • 6 м = 6000 мм
  • 25 см 9 мм = 259 мм

IV топ

  • 25 мин 18 сек = 1518 сек
  • 30 мин 45 сек = 1845 сек

Сиқырлы шаршы (топтық жұмыс)

Қалған оқушыларға топ ішінде «Сиқырлы шаршы» тапсырмасы беріледі. Мақсат — бірлесе талқылап, дұрыс шешімге келісіммен келу.

Назар аударатын дағдылар

  • Есептеу дәлдігі
  • Түсіндіру және дәлелдеу
  • Уақытты тиімді бөлу

Ой толғаныс (өзіндік жұмыс)

Әр топ жеке орындап, нәтижесін түсіндіреді.

I топ

2540 : 4 = 635

II топ

483072 : 3 = 161024

III топ

(36 т : 5 ц) × 7 = 504

IV топ

P = (4 см 5 мм + 5 см) × 2 = 19 см

Қорытынды ой

Тапсырмаларды орындау барысында құрастырылған сөз — «Тәуелсіздік». Бірлесе еңбек етіп, өзара қолдау көрсеткенде ғана нәтижеге жетуге болатынын осы сабақ тағы бір дәлелдеді.

Татулық пен бірлік, ұйымшылдық пен ынтымақ арқасында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғанын атап өтеміз. Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын!

Автор туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №4 Тілеміс батыр орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі — Уатаева Қарлығаш Сабырлиевна.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» бөлімі бастапқы мәтінде көрсетілген, бірақ бұл бетте сілтеме берілмеді.