Оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу біліктіліктерін дамыту

Сабақтың тақырыбы

Рационал бөлшектер және олардың негізгі қасиеті. Рационал бөлшектерді қысқарту.

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу дағдыларын қалыптастыру, рационал бөлшектерді теңбе-тең түрлендіруге үйрету.
  • Дамытушылық: оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу біліктіліктерін дамыту.
  • Тәрбиелік: өз ойын еркін жеткізе білуге және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; ақпараттық технология элементтерін қолдану арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаттарын нақтылау, сыныптың дайындығын тексеру.

II. Үй жұмысын тексеру

Ауызша сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.

1) Қандай өрнекті бүтін өрнек деп атайды?

Қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдары арқылы құрастырылған, құрамында айнымалылары бар өрнектер бүтін өрнектер деп аталады.

2) Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілін білесіңдер?

Топтау тәсілі.

3) Рационал өрнектер дегеніміз не?

Бүтін және бөлшек өрнектер рационал өрнектер деп аталады.

4) Өрнекті теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не?

Өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыру теңбе-тең түрлендіру деп аталады.

5) Мүмкін мәндер жиыны дегеніміз не?

Өрнектің мағынасы бар болатындай, оның құрамындағы айнымалылардың барлық мәндерінің жиыны осы өрнектің мүмкін мәндер жиыны деп аталады.