Аққу құрағы

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта оқушылар құрақ үлгілерін компьютерде жобалап, сызып, бояу тәсілдерін меңгереді және орындаған жұмыстарын цифрлық түрде ұсынуға, жүйелеуге дағдыланады.

Білімділік

Құрақ үлгілерін компьютерге түсіру, сызу және бояу әдіс-тәсілдерін меңгерту; алған білімді компьютер арқылы көрсету және жинақтау.

Дамытушылық

Теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерді қалыптастыру.

Тәрбиелік

Салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлт ерекшелігін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдістер

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап

Түрі

Технология сабағында компьютерді пайдалану. Кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс

Информатика, сурет, музыка, тарих, әдебиет, математика, сызу, геометрия.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Құрал-жабдықтар

Қайшы, желім, сызғыш, бояулар, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, картон, бор, қағаз, мата, ине, жіп.

Көрнекілік

Компьютер, матадан тігілген құрақ үлгілері, суреттер, буклеттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу.
  • Техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау және қызығушылықты ояту

Қайталау сұрақтары

  1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
  2. Оюдың неше түрі бар?
  3. Ою-өрнек дегеніміз не?
  4. Симметрия дегеніміз не?
  5. Колорит дегеніміз не?

Өнер туралы мақал-мәтелдер

  • Өнер сыры — өрнекте.
  • Ою ойғанның ойы ұшқыр.
  • Ою ойған сызу да сызады.
  • Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.
  • Өнерсізден құт қашады.

III. Жаңа сабақ

Тақырып

Құрақ үлгілерін компьютер көмегімен жобалау, сызу және бояуды үйрену.

INSERT әдісі (дәптерге)

Білемін

Құрақ туралы бұрыннан білетін мәліметтер.

Білдім

Сабақ барысында үйренген жаңа ақпарат.

Білгім келеді

Қосымша білгің келетін сұрақтар мен ойлар.

IV. Мағынаны ажырату: құрақ өнері туралы

Халықтың ұлт екенін айқындайтын негізгі арналар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Қолөнер — халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық әрекеттердің жиынтығы.

Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнердің бірі — құрақ құрау. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігу арқылы қарапайым құрақ жасалады. Абай айтқан «бес дұшпанның» бірі — ысырап; ал құрақ құрау бұл ысырапшылыққа жол бермей, матаның қиындыларын іске жаратады.

Құрақ бөлшектеріндегі геометриялық пішіндер

Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, теңбүйірлі үшбұрыш, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, пирамида.

Құрақ құраудың мақсаттары

  1. Матаның қиындыларын іске ұқсату (кәдеге жарату).
  2. Сәнділікке баулу: әртүрлі фигураларды қиылыстырып, бір бұйым жасау.

Атаулары (түрлі тілде)

  • Қазақша құрақ
  • Орысша лоскутное шитье / мозаика
  • Жапонша сашико
  • Ағылшынша patchwork, quilt

Негізгі талап

Мата бөлшектері симметриялы болуы және түстері үйлесімді орналасуы керек.

Түс үйлесімі

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Қарама-қарсы түстер — түс шеңберінде бір-біріне қарсы орналасқан түстер (мысалы: қызыл–жасыл, сары–күлгін, көк–қоңыр).

Құрақ түрлері (4 топ)

  • Табиғат
  • Жануарлар
  • Геометриялық
  • Аспан әлемі

Бүгінгі практикалық тақырып

Бүгін сендер «Аққу» және «Сегізжапырақ» құрақтарын компьютерде сызасыңдар және бояйсыңдар.

Аққу құрағы: мазмұндық талқылау

Аққу қандай құс?

Аққу — көлдің сәні, адалдықтың нышаны, табиғат сұлулығын айшықтайтын, киелі құс.

Аңыз-әңгіме

Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей, оған оқ атады. Сонда сыңары жұбынсыз өмір сүре алмай, тасқа басын ұрып, өзін-өзі өлтіреді. «Аққу — құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген халық сөзі аққудың жұптаса тіршілік ететінін білдіреді.

Шығармашылық тапсырма

Аққу туралы білетін өлеңдеріңді еске түсіріп, қысқаша бөлісіңдер.

Компьютермен жұмыс: қауіпсіздік және PAINT

Техника қауіпсіздігі

  • Кабельдердің қосылған орындарына қол тигізуге болмайды.
  • Жұмыс кезінде экранға, монитор мен пернетақтаның сыртқы бөлігіне қол тигізуге болмайды.
  • Оқытушының рұқсатынсыз құрылғыларды тоққа қосуға немесе ажыратуға тыйым салынады.
  • Монитор мен пернетақта үстіне кітап, дәптер және басқа заттарды қоюға болмайды.
  • Су киіммен немесе су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.

Қолданылатын бағдарлама

Жұмыс барысында PAINT графикалық редакторы қолданылады. Paint сөзі «сызу, бояу» деген мағынаны білдіреді.

Іске қосу жолы

БастауБағдарламаСтандарттыPaint

Сарамандық жұмыс

  • «Аққу» құрағын сызу және бояу.
  • «Сегізжапырақ» құрағын сызу және бояу.
  • Тест сұрақтарын компьютер арқылы орындау (бағалауды бағдарлама/жүйе нәтижеге сай шығарады).

V. Ой толғаныс

Сабақты қорытындылай отырып, INSERT кестесін қайта толтырыңдар: бүгін қандай жаңа түсінік қалыптасты, нені нақтылағыларың келеді?

VI. Қорытындылау және бағалау

Оқушылардың практикалық жұмысы (сызба дәлдігі, симметрия, түс үйлесімі) және тест нәтижесі негізінде бағалау жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

  • «Аққу» және «Сегізжапырақ» құрақтарын құрастыру.
  • Ою-өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.