Әзиза Нұрмаханова Шығыс шынары Ана тілі 4 сыныпСабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Әзиза Нұрмаханова — «Шығыс шынары» (Ана тілі, 4-сынып).
Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларға соғыстың қиыншылықтарын терең түсіндіру.
-
Әлия сияқты батыр қыздардың өмірін үлгі етіп, ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу.
-
Ізеттілікке, еңбексүйгіштікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Флипчарт, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Сабақ типі
Ғылыми дерек.
Әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, жұмысқа дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
-
Тақырыпты үш оқушыға бөліп, әңгімелету.
-
Генерал Галицкий мен Мәншүктің арасындағы әңгімені рөлге бөліп оқыту.
-
Мәншүк туралы өздері білетін деректермен ой бөлісу.
III. Жаңа тақырыпқа кіріспе
-
Отты жылдары ерлермен бірге от кешкен аруларды еске түсіру.
-
Соғыс туралы ойларын айтқызу.
-
«Нысана» ойыны арқылы Әлия туралы білетіндерін еске түсіру.
Мәтінмен жұмыс
-
Тақырыпты таныстыру және мәтінді мәнерлеп оқыту.
-
Мәтінді тізбектей оқытып, мазмұнын қалай түсінгенін айтқызу.
-
Сөздік жұмыс жүргізіп, дәптерге жаздыру.
Сөздік
Арте́к — балалардың демалыс орны.
IV. Топтық жұмыс
I топ
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап іздеу.
II топ
Әлия жөнінде айтылған ұстаз пікірін талдау, Әлияға мінездеме беру.
III топ
Әлия ұстаздарының сенімін қалай ақтағанын дәлелдеу.
Поэзиялық сәт
Тақпақтар оқу, әсермен бөлісу.
V. Сабақты қорытындылау
Талқылау сұрақтары
-
Барлық балалардың тілегі не?
-
Оқушы Әлия мен батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыз?
VI. Үй тапсырмасы
-
Оқу.
-
Мазмұндау.
-
Әңгімені жалғастыру.
Материал
Әзиза Нұрмаханова — «Шығыс шынары» (жүктеу).