Денсаулығы ғаламның - денсаулығы адамныңМақсаты

Сыныбы 6

Сабақтың тақырыбы «Денсаулығы ғаламның — денсаулығы адамның»

Мақсаты

Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға, спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру; сымбаттылыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Денсаулық — бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.

Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.

Бүгінгі «Денсаулығы ғаламның — денсаулығы адамның» атты сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Командалар

1-команда

Жас ұлан

2-команда

Достық

Әділқазылар алқасы

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық:

  1. __________
  2. __________
  3. __________

Ой шақыру

Төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасып, қысқаша жауап беріңіздер:

1) Салауатты өмір салты дегеніміз не?

2) Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?

3) Тұмау деген не? Оның таралу жолдары қандай?

4) «Ауру — астан» дейді халқымыз. Тамақтану гигиенасы туралы не айтасыздар?

Сайыс барысы

1-тур: Таныстыру

Әр команда капитаны ұранымен таныстырады

2-тур: Кедергілерден өту

Шапшаңдық пен ептілікті сынау

Спорт — біздің досымыз,
Күш-қайрат сыналған.
Спорт — біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.

3-тур: Скакалкамен жүгіру

Төзімділік пен ырғақты сақтау

Жүйрік болса кім,
Күлімдейді күн.
Жарыста жүгір,
Алға ұш!

4-тур: Допты алып жүру

Үйлесімділік пен бақылау

Жүгір, жүгір, селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып.
Нұрға сылан, болып қыран,
Өс, ұлан!

5-тур: «Ергежейлі аяқ» жүрісі

Аяқты жартылай бүгіп жүруден жарыс

Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт,
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт!

6-тур: Қаппен жүгіру және арқан тарту

Күш пен командалық бірлікті бағалау

Күш атасын танымас.

Қорытынды

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Келіп тамашалап, қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет!