Тіл сындыру
Артық болмас білгенің
Мақсаты
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; өзін-өзі басқаруға баулу; білім мен дағдыларын кеңейту; еңбекке икемділігін шыңдау.
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар
- Материалдар
Жүрісі
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Оқушылар, қош келдіңіздер! Алда келе жатқан үлкен мереке бар. Ол қандай мереке?
Жауап: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерекесі.
II. Жоспары
- 1 Тіл сындыру
- 2 Жоғалған сөзді табу
- 3 Тыйым сөздер
- 4 Алмастыру ойыны
- 5 Шебер қолдар
- 6 Ұлттық ойын
III. Негізгі бөлім
1) Тіл сындыру
Сұрақ-жауапМереке аясында тіл сындыру ойынын ойнайық:
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қай жылы алды?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
- 2001 жыл туралы не айта аласыңдар? (Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?)
2) Жоғалған сөзді табу
Мақал-мәтелМақал-мәтелдердің түсіп қалған сөздерін табыңдар:
- 1. Кім еңбек етсе — ... тоқ.
- 2. Еңбек етсең ерінбей, тояды ... тіленбей.
- 3. Еңбек түбі — ....
- 4. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың ... тәтті.
3) Қандай тыйым сөздерді білесің?
ТәрбиеТыйым сөздер — тәрбиенің өзегі. Төмендегі тыйымдарды оқып, мәнін талқылаңдар:
Үлкеннің алдын кеспе
Бұл тыйымның екі мәні бар: біріншіден, мәдениеттілікке тәрбиелейді, үлкенді сыйлауға үйретеді; екіншіден, «жолын кескен адамның жолы болмайды» деген наным бар.
Бетіңді баспа
Жаманшылық шақыру деп түсіндіріледі. Өлі адамның беті жабылады деген ұғыммен байланысты.
Босағада тұрма
Қазақ ұғымында босағада тұру — жаман ырым, көбіне жетімдікпен байланыстырылған жағымсыз әрекет ретінде қабылданған.
Үйге қарай жүгірме
Үйге жүгіріп келу — жаман хабар жеткізудің белгісі болуы мүмкін деп түсіндірілген.
Итті теппе
Ит — «жеті қазынаның бірі», адамның серігі әрі досы деген түсінік бар.
Бос бесікті тербетпе
Бесік — баланың қасиетті орны. Бос бесікті тербетуге болмайды; бұл «балаға зар болу» деген ұғыммен байланыстырылған.
4) Алмастыру ойыны
ПрактикаОртаға төрт оқушы шақырылады: екі қыз, екі ұл.
- Қыздар шеге қағу тапсырмасын орындайды.
- Ұлдар бутерброд дайындайды.
Мақсат — «әр істің өз реті бар» деген түсінікті кеңейтіп, бір-бірінің еңбегін бағалауға үйрету.
5) Шебер қолдар
ШығармашылықОртаға төрт оқушы шақырылады: екі қыз, екі ұл.
Ұлдар
Дайын материалдардан бұйым құрастырады.
Қыздар
Түйме қадауды көрсетеді.
6) Ұлттық ойындар
ДәстүрАсық
Ойынның ережесі түсіндіріліп, қатысушыларға қысқаша нұсқаулық беріледі.
Қанталапай
Ойынның ережесі таныстырылып, қауіпсіздік пен әділдік қағидалары еске салынады.
IV. Қорытындылау
Ашық шарамыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рақмет!