Оқушыларға білетін баталарын жатқа айтқызу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебі
Мұғалім
Туребекова Айгерім Маратқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
Пән
Әдебиеттік оқу
Сынып
2-сынып
Тақырып
Төле бидің батасы
Сілтеме
Жоспар, презентация

Мақсаты

Оқушылар бата сөзін оқып, оны өмірмен байланыстырады. Төле бидің батасының мағынасын ашу арқылы оқушылардың сөздік қоры кеңейеді.

Күтілетін нәтиже

  • Мағынасына сай бата бере алады және оны өмірлік жағдаяттармен байланыстырады.
  • Ізгі қасиеттерді бойына сіңіреді, тіл мәдениеті қалыптасады.
  • Сөздік қоры молаяды, ойын нақты әрі түсінікті жеткізеді.

Әдістер мен ресурстар

Сабақтың әдістері

  • Диалогтік оқу
  • АКТ қолдану
  • Кері байланыс
  • Дарынды оқушылармен жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (СТО)

Көрнекілік пен дереккөздер

  • Төле бидің суреті
  • Ғаламтор материалдары
  • Оқулық
  • Оқыту әдістемесі

Сабақ барысы

Тренинг: «Кәмпиттер»

Мұғалім кәмпиттердің ішіне қысқа тілектер жазып, оқушыларға таратады. Оқушылар өздері таңдаған кәмпитті ашып, тілекті оқиды және сыныппен бөліседі.

Талқылау сұрақтары

  • Жақсы тілектерді адамдар не үшін ойлап тапты?
  • Ерекше бағаланатын жақсы тілекті қалай атаймыз?
  • Батаны кімдер береді?
  • Сен өзің қандай баталарды жатқа білесің?

Оқушылардың жұмысы

  • Оқушылар өздері білетін баталарын жатқа айтады.
  • Батаның түрлері туралы түсінік беріледі (слайд арқылы).
  • Бата беру тәртібі мен мәдениетіне тоқталып, мысалдар арқылы талданады.