Жасай білуі
Білім беру саласы және тақырып
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекені»
Мақсаты
Сүйіспеншілік пен сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
- Отбасы сүйіспеншілігі мен сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.
- Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
- Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент
Отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, аға – брат, апа – сестра.
Сабақтың құрылымы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалардың әрекеті
Балалар шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын бірге айтады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
Бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. Осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме құрастырайық.
Әңгімелесу сұрақтары
- «Отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Тәрбиешінің түсіндіруі
Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз, тіпті аға-әпкелеріміз де бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп, аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді? Еске түсіріп айтып көрейік.
Көркем сөз
Ә. Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңі оқылады, балалармен бірге қайталанады.
Ойын
«Айналайын, толғанайын!»
Ойынға 4–5 бала шақырылады, көздері орамалмен байланады. Ата-аналар ортаға шығып, әрқайсысы өз баласын еркелетіп жылы сөздер айтады: «Ақылдым менің!», «Жарайсың!», «Күлімдеген бота көзіңнен айналайын!», «Қошақаным!», «Айналайын, құлыным!»
Мақсаты
Бұл ойын балаларға өздеріне арналған жылы сөздерді еске түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылуын сезінуге және соған лайықты болуға ынталандырады.
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс
Балалар дәптерге үйден әкелген отбасылық суреттерін жапсырады. Жұмыс барысында баяу әуен қосылады.
Тақпақ
Е. Өтетілеуұлының «Бес» өлеңі жатқа сұралады (1–2 баладан).
«Бес саусақ» жұмысы: ата, әже, әке, ана және өзінің суреттерін бес саусаққа біртіндеп жапсыру.
Талқылау
Отбасы мүшелерін атап шығыңдар.
Ата, әже, әке, ана, аға, апа, сіңлі, қарындас, іні.
Отбасымыздағы басшы кім?
Әке.
Дәйексөз
«Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды».
Күннің шуағы бізге жылу береді. Ал ана жүрегі — мейірімнің қайнар көзі: ол баласын жақсы көріп, еркелетіп, аялап, қамқорлық танытады.
Балалардың жауаптары
- Балалар ата-аналарының қалай еркелететінін айтады.
- Айтылған сөздерді тыңдай отырып, өз ата-анасын дауысынан тануға тырысады.
3) Рефлексивті-түзетуші кезең
Қорытындылау
Бүгін біз өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата-әжеміз, аға-әпкеміз, іні-қарындасымыз туралы әңгімелестік. Біз оларды жақсы көруді және сыйлауды үйрендік.
Отбасындағы адамдар әрқашан тату болып, бір-бірін құрметтеп, сыйлай білуі керек. Отбасы — ең жақын жандардың мейірім мен жылуға толы шаңырағы.
«Жүректен жүрекке»
Балалар өздерінің жылы сөздерін отбасы мүшелеріне арнайды және оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.