Ақпараттық процестер
Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Бұл сайыс — информатика пәні бойынша білімді бекітуге, ойлау жылдамдығын арттыруға және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған танымдық-шығармашылық шара.
Білімділік
Өткен тақырыптар бойынша білімді тиянақтап, жүйелеу арқылы бекіту.
Дамытушылық
Пәнге қызығушылықты арттыру, белсенділікті күшейту, топпен жұмыс істеу қабілетін және шығармашылықты дамыту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Презентация
Ұйымдастыру ескертпесі
Әр кезеңде уақытты тиімді пайдалану, жауапты нақты және қысқа айту ұсынылады.
Сайыс кезеңдері
- Таныстыру
- Кім білімді?
- Сен білесің бе?
- Сөз тапқанға
- Ойлан, тап!
- Өнерпаз болсаң
- Кім жылдам әрі тапқыр?
Кіріспе
Мінекей, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың жаңасы — информатика жайында сайысымызды бастаймыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарды қол соғып қарсы алайық.
1-кезең: Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын, топ басшысын және мүшелерін таныстырады.
Сөз кезегі «Монитор», «Пернетақта», «Принтер» топтарына беріледі.
2-кезең: Кім білімді?
Тапқырлық пен шапшаңдық қажет: сұрақтарға дәл әрі жылдам жауап беріңіздер.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | 1 байт неше биттен тұрады? | 8 |
| 2 | Ақпараттық процестер қандай? | сақтау, алмасу, өңдеу |
| 3 | Ақпарат латынның қай сөзінен шыққан? | informatio |
| 4 | Компьютердің негізгі құрылғылары? | жүйелік блок, пернетақта, монитор |
| 5 | Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? | декодтау |
| 6 | Бір рет басқанда бас әріптерді енгізетін перне? | Caps Lock |
| 7 | Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? | принтер |
| 8 | Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? | 1946 жылы, АҚШ, Пенсильвания университеті |
| 9 | Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы? | пернетақта |
| 10 | Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу? | кодтау |
| 11 | Жыпылықтап тұратын тік сызықша? | меңзер |
| 12 | Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс? | сигнал |
| 13 | Windows жүйесінің негізгі экраны? | жұмыс үстелі |
| 14 | Алғашқы бағдарламашы әйел? | Ада Августа Лавлейс |
| 15 | Деректерді сақтауға арналған құрылғы? | жады |
3-кезең: Сен білесің бе?
Қысқа сұрақтар — нақты жауап. Білімді кеңейтіп, ұғымдарды орнықтырамыз.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Монитор, жүйелік блок, пернетақта — компьютердің қандай құрылғылары? | негізгі |
| 2 | Компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы? | дисплей (монитор) |
| 3 | Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? | информатика |
| 4 | Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? | компьютер |
| 5 | Екілік жүйенің сандары? | 0, 1 |
| 6 | Компьютердің ішкі жады нешеге бөлінеді? | 2 |
| 7 | Ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғы? | оперативті жады |
| 8 | Логарифм сызғышын ойлап тапқан оқымысты? | Д. Робертсон |
| 9 | Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы? | Чарлз Бэббидж |
| 10 | Компьютердің «миы»? | процессор |
| 11 | Монитор экранындағы түрлі түсті нүктелер? | пиксель |
| 12 | Enter пернесі басқаша қалай аталады? | енгізу пернесі |
| 13 | Қағаздағы кескінді компьютер жадына енгізетін құрылғы? | сканер |
| 14 | Ақпаратты басып шығаратын құрылғы? | принтер |
| 15 | Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі? | интерфейс |
4-кезең: Сөз тапқанға
ASCII кестесін пайдаланып, берілген сөзді кодтаңыз.
1-топ
«Информатика»
2-топ
«Компьютер»
3-топ
«Ақпарат»
Ескерту: Қазақ әріптері үшін стандартты ASCII толық сәйкес келмеуі мүмкін. Қажет болса, кеңейтілген код кестесін немесе Unicode түсіндірмесін қолданыңыз.
5-кезең: Ойлан, тап!
Жұмбақтардың шешуін табыңыз.
Экранның бетінде оның тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады.
Жауабы: Меңзер
Ұзынтұра жалқаубек, тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан ешбір белгі қалмайды.
Жауабы: Бос орын
Ақпаратты сақтап, таратқан — жұртты өзіне қаратқан.
Жауабы: Компьютер
Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.
Жауабы: Тышқан
6-кезең: Өнерпаз болсаң
Ұлдар мен қыздар өз өнерлерін көрсетеді. Қиял, сахналық мәдениет және топтық үйлесім бағаланады.
Шынардай биік арманы бар өнерпаздар, ортаға шығып, көпшілікті таң қалдырыңыздар!
7-кезең: Кім жылдам әрі тапқыр?
Берілген сөйлемнен көп мағыналы сөздер құрастырыңыз.
Тапсырма
ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН
Қорытынды
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.
Ойын толқын жатқандай асып-тасып: біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар — жеңсең де, жеңілсең де жасымайық.
Кеш соңында жеңіске жеткен топ марапатталады. Қош сау болыңыздар!