Қазақша рефераттар

Қадыр Мырза ӘлиАғасы мен інісіКөктайғақ тауға талпынып, Қара тер болып алқынып, Інісі сыйлап ағасын, Шығады сүйреп шанасын

Қадыр Мырза Әли

Ағасы мен інісі

Көктайғақ тауға талпынып,
Қара тер болып алқынып,
Інісі сыйлап ағасын,
Шығады сүйреп шанасын.

Қырау да қырау жағасы,
Түседі зулап ағасы.
Сыйламаса інісін,
Ағалығы кім үшін?!