Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
«Әз – Наурызым, армысың!» үздік ашық сабақтар бәйгесі
22 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын шығармашылық-әдістемелік байқау.
Кімдер қатыса алады
- Бастауыш сынып мұғалімдері
- Балабақша тәрбиешілері
- Жоғары сынып мұғалімдері (әртүрлі пәндер)
Марапаттау
- Барлық қатысушыларға: сертификат және алғыс хат
- Үздіктерге: диплом және алғыс хат
- Орын саны қатысу белсенділігіне байланысты
Жұмысқа қойылатын талаптар
Мазмұн және құрылым
- Сабақ кез келген тақырыпта болуы мүмкін, бірақ сабақ барысы Наурыз мерекесімен сабақтастырылуы қажет.
- Сабақ тақырыбына түсініктеме беріліп, тақырып толық ашылуы тиіс.
- Сабақта қолданылған барлық жаттығулар мен тапсырмалар толық көрсетілуі шарт.
- Материал басқа сайттардан көшірілмеген, авторлық жұмыс болғаны жөн.
Техникалық талаптар
- Мәтін Word құжатында сауатты, қате жібермей терілуі қажет.
- Шрифт өлшемі: 12–14.
- Көлемі: кемінде 2 бет (екі беттен асуы ұсынылады).
- Слайд сапасына мән беріңіз (дизайны мен құрылымы жинақы болғаны дұрыс).
Қамтылатын бағыттар
Бастауыш сынып, балабақша, сондай-ақ жоғары сынып пәндері: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика және геометрия, физика, химия және басқа да пәндер.
2016–2017 оқу жылын қорытындылау: «Үздік ұстаз» бәйгесі
Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтап, еңбегін әділ бағалауға бағытталған байқау.
Шарттары мен ережелері
- Бәйгеге тек ашық сабақ жоспары қабылданады.
- Бұрын енгізілген ашық сабақ үлгіге сай болса, сол жұмысты да қатыстыруға болады; жаңадан жіберуге де болады.
- Ұстаз өз пәні бойынша бір ғана сабақ жіберуге құқылы.
- Көлемі: 2–3 беттен кем болмауы тиіс.
- Word құжатында сауатты теріліп, 12 шрифтпен рәсімделуі керек.
- Сабақ тақырыбы толық ашылуы қажет. Ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер енгізілсе — құпталады.
- Слайд міндетті емес.
- Сабақ жоспары үлгіге сай болуын қадағалаңыз.
Жіберу тәртібі
- Word нұсқасын тіркеп, @yandex.ru поштасына жіберіңіз.
- Хатта аты-жөніңізді және сабағыңыздың тақырыбын толық көрсетіңіз.
- Сабақ сайтқа жарияланғаннан кейін төлем реквизиттері жіберіледі.
Үлгі (мысал)
- Ұйым/аймақ
- Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Төле би кенті, №70 орта мектеп
- Автор
- Бастауыш пәні мұғалімі Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
- Категория
- Бастауыш сынып
- Сабақ тақырыбы
- Жазбаша қосу және азайту
Бағалау тәртібі
Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз ұпайын қояды. Нәтижеге дауыс беру ұпайы қосылып, қорытынды баға шығарылады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы қалыптастырады. Портал тарапынан байқаудың барынша ашық әрі әділ өтуі қамтамасыз етіледі.
Іске сәт, ұстаздар!
Орындар мен марапаттар
- Әр категорияда: 12 орын (әр номинация бойынша)
- Үздік: 3 орын
- Бірінші орын: 3 орын
- Екінші орын: 3 орын
- Үшінші орын: 3 орын
- Орын саны қатысу белсенділігіне байланысты өзгеруі мүмкін.
Барлық қатысушыларға: сертификат және алғыс хат. Үздіктерге: диплом, алғыс хат және сыйақы тағайындалады.
Номинациялар (пәндер бойынша)
1. Қазақ тілі мен әдебиеті
Пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті
Пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі
Пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия)
Пәнінің үздік ұстазы
5. Физика
Пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика
Пәнінің үздік ұстазы
7. Химия
Пәнінің үздік ұстазы
8. Биология
Пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих
Пәнінің үздік ұстазы
10. География
Пәнінің үздік ұстазы
11. Технология
Пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка
Пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу
Пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып
Пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша
Үздік тәрбиеші
16. Дене шынықтыру
Пәнінің үздік ұстазы