Табиғат сұлулықтың таусылмас көзі
Оқу қызметі туралы мәлімет
- Білім беру саласы
- Таным
- Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Қоршаған ортамен таныстыру
- Тақырыбы
- Су — тіршілік нәрі
- Әдіскер
- Ақжігітова Ұ. М.
Мақсаты
- Балаларға су туралы түсінік беру.
- Судың қажеттілігін және оның адам, құс, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын түсіндіру.
- Суды үнемдеп пайдалануға баулу, судың қасиеттерін тәжірибе арқылы таныту.
- Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Слайд, сүт, әр балаға арналған су, стакан, қант, тұз, қасық, гуашь бояулары, таяқшалар.
Сөздік жұмыс
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық
(Әсем әуен орындалып тұрады.) Тәрбиеші балалармен амандасады: «Қайырлы күн, балалар! Күнде таңертең ояна салысымен терезені ашып, табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Табиғат — сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше бүгінгі оқу қызметімізді табиғатпен амандасудан бастайық».
Шаттық шеңбер
Қайырлы күн, күнім, далам,
Қайырлы күн, гүлім, құсым,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі.
Тәрбиеші: «Өте жақсы! Енді орындарыңа отырыңдар».
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Ай аттарын кім атап береді?
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
- Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
Тәрбиеші жауаптарды толықтырып, мадақтайды.
Жұмбақ
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Бұл не?
Осылайша оқу қызметінің тақырыбы таныстырылады: «Су — тіршілік нәрі».
Тыңдалым
Аудиожазбадан судың сылдырап аққан дыбысы тыңдатылады. Тәрбиеші: «Балалар, қандай дыбысты естідік?» — деп сұрайды.
Негізгі ой
Су — тіршілік нәрі. Қоршаған ортада сусыз адам да, жануар да, құс та, өсімдік те өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста да, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауда да аса маңызды.
Ой қозғау
- Су туралы не білеміз?
- Су бізге не үшін керек және оны қандай жағдайда қолданамыз?
- Судың түсі мен пішіні бола ма?
Тыйым сөздер
Су туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер? Тәрбиеші балалардың жауаптарын тыңдап, суды ластамау, ысырап етпеу, тазалық сақтау туралы қорытынды жасайды.
Тәрбиелік түйін
Суды үнемдеу — табиғатты қорғаудың маңызды қадамы. Таза су — денсаулық пен өмірдің негізі.
Дереккөз
Өңір
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы
Мекеме және автор
«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі — Басжанова Рзахан Қалдыбаевна