Қарсы алайық бәрімі
Тәрбие сағаты: «Наурыз — думан»
Бұл тәрбие сағатының мазмұны Наурыз мейрамының мәнін ашып, оқушыларға ұлттық дәстүрді, ізгі тілекті, бірлік пен берекені сахналық көрініс, ән-күй, би, тақпақ арқылы жеткізуге арналған.
Кіріспе көрініс
Наурыз (өлеңмен):
Менің атым — Наурыз.
Наурыз көже, сары уыз —
Алып келдім, татыңыз.
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Жүргізушілердің сөзі
- Ғалия: «Алақай, біздің ауылда той болады!»
- Т. Аружан: «Ау, халайық, тезірек жиналыңыздар!»
- Айдана, Амина: «Наурыз думан басталды!»
Бірінші құттықтау
Бірінші сәлем бердік бәріңізге,
Үлкен-жас, бала-шаға — кәріңізге.
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
Шаттық өмір әкелсін бәріңізге.
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Айнұр Тоқтарқызына беріледі.
Көркем нөмір
«Көктем гүлдері» биі.
Сахналық бөлім: дәстүр, тілек, береке
Томирис (өлең):
Жаңғырған дәстүр-салтымыз,
Төгілген бұлақ-жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке — Наурыз, жыл басы.
Келіп қалды Әз Наурыз!
Қарсы алайық бәріміз!
Наурыздың сөзі
Жақсы ма, бала-ха́ліміз?
Менің атым — Наурыз.
Наурыз көже, сары уыз —
Алып келдім, татыңыз.
Қыр астында қыс қалды,
Қар еріді, су ақты.
Алып келдім құстарды,
Қой жылы құт әкеліп,
Аман болсын басымыз!
Қой жылы туралы (диалог)
Амина: «Қой жылымыз, кел төрлет, ел достығын өркендет. Мол болсын ырыс-құт, болсын елде тыныштық.»
Қой:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты боп осы жыл,
Бақ дарысын бәріңе.
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылып бойыңа,
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына.
Осы тұста: тақпақтар мен би орындалады.
Шашу рәсімі
Томирис: «Наурыз келсе, құт келгені, халайық! Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық.»
Әжелер тойға шашу алып келіп, шашу шашады.
Наурыз көже
Амина:
Ұлы күні ұлыстың,
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Татайық Наурыз көжеден!
Томирис:
Ашық болсын қос қабақ,
Тас атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та —
Бүгін төрде бас қонақ.
Көрініс: «Наурыз көжеден дәм татыңыздар!» (көже таратылады).
Би нөмірі
«Қара жорға» биі.
Көктемгі игі іс: тал егу, тілек байлау
Амина (өлең):
Бүгінгі күн жер шуаққа кенелді,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Томирис (тілек):
Наурыз, саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге —
Халықта ақ мол болсын.
Ортақ тілек (хормен)
Б. Томирис: Қой жылы құт әкелсін!
Жазира: Молшылық болсын!
Исмаил: Тыныштық болсын!
3 «Б»: Халқым аман болсын!
3 «Б»: Ақ мол болсын!
3 «Б»: Ұлыс оң болсын!
Көрініс: жас тал егу, ырым бойынша тілек айтып, жіп байлау.
Қорытынды бөлім
Амина:
Наурыз тойың, ұлыс тойың
Құтты болсын, халайық!
Күй төгіліп, жыр төгілсін,
Әсем әуен тыңдайық!
Түйін сөз
Нағыз қазақ — қазақ емес,
Нағыз қазақ — домбыра.
Көрініс: домбыра үні.
Бұл бағдарламада тақпақ, ән және би нөмірлері кезекпен орындалады.
Мәлімет
- Өңір
- Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы
- Мектеп
- №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі
- Автор
- Бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Нұржанат Есенқызы