Жазушы кешіктірген бейнесі кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру ұйымы

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән мұғалімі

Текеева Жанша Тажибаевна (қазақ тілі мен әдебиеті)

Сынып

9-сынып

Сабақ тақырыбы

«Ұлпан» романындағы әйел тағдыры. Ұлпан — Ел анасы

Оқыту мақсаттары

  • АИ2 — Автор көзқарасы: көркем шығармадағы автор ұстанымын тану.
  • АИ5 — Автор мен кейіпкер табиғатын түсіну: кейіпкер көңіл күйіндегі психологиялық өзгерістердің себептерін дәлелдеу.
  • Автордың негізгі ойын сол дәуірдің өмірімен байланыстырып, заман көрінісін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары (деңгейленген)

Барлық оқушылар

  • Кейіпкер көңіл күйінің өзгеру себептерін дәлелдейді.
  • Оқиғаларды өмірмен байланыстырып айта алады.

Оқушылардың көбі

  • Сол кезеңдегі заман көрінісін түсінеді.
  • Кейіпкер психологиясының себептерін дәлелдейді.

Кейбір оқушылар

  • Көркем шығармадағы автор көзқарасын терең түсінеді.
  • Автор ойын дәлелдермен талдап, тұжырым жасайды.

Байланыстар мен күтілетін нәтиже

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география.

Күтілетін нәтиже

  • Роман жанрының ерекшелігін түсінеді.
  • Шығарма сюжетінің баяндалуын меңгереді.
  • Әйел тағдырын зерттеу арқылы оқиға желісіне ауызша және жазбаша болжам жасайды.

Әдебиет теориясы

Сюжетті талдау барысында көркемдегіш құралдардың орынды қолданылуына баға беру.

Тілдік міндеттер

  • Жазушы тілін және роман құрылымын бағалайды.
  • Тартымды мәтіндерді талдай отырып, сыни ойлау мен шығармашылық қабілетін дамытады.

Алдыңғы білім

«Ұлпан» романының бөлімдерін мұқият оқып келу.

Сабақ барысы: кезеңдер және әрекеттер

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылардың қатысуын тексеру.
  • Сабаққа назар аударту, жұмыс ретін нақтылау.

2) Қызығушылықты ояту

«Қанша жыл ойымда жүрсе де, қашанғы әдетім бойынша кешігіп жарық көрген “Ұлпан” сол бейнеге, сондай бейнелерге арналады».

Талқылауға арналған дәйексөз

Сұрақтар

  • Бұл сөздерді кім айтты?
  • Жазушының осы ойынан нені ұғуға болады?
  • Жазушы «кешіктірген бейне» кім деп ойлайсың? Неліктен?

Ой қозғау

«Менің Джокондам — Ұлпан».

  • Бұл сөйлемнен қандай түйін жасаймыз?
  • Джоконда кім? Ол туралы не білеміз?
  • Ұлпан бейнесін Джокондаға теңестірудің себебі неде?
  • Сен Ұлпанды қандай тарихи/әдеби тұлғаға ұқсатарың едің?

3) Топқа бөлу және бастапқы талқылау

Топ атауы

Домалақ ана

Топ атауы

Айғаным

Топ атауы

Айша бибі

Топ атауы

Ұлпан

Тапсырма мазмұны

Топтар «әулие аналар» туралы білетін деректерін ортаға салып, бүгінгі сабақ тақырыбымен байланыстырады.

Өзара бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Негізгі тапсырмалар

Тапсырма 1: Топтық жұмыс

Ой картасындағы сөздерді кейіпкерлермен сәйкестендіріңіз

Кейіпкерлер

Есеней, Мүсіреп, аңшы, Ұлпан, Торсан, Артықбай

«Бұл өңірде мен білмейтін жер бар ма?»

«Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боларсың».

«Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін».

«Келін! Шымылдығыңызды әрі әкетіңізші!»

«Арыстаным-ай, ақ пейілім-ай, шойырылып қалған ағаң қалай есіңе түсті?»

Бағалау Смайликтер арқылы

Тапсырма 2: Жұптық жұмыс

Роман мәтінінен үзінділерді оқып, талдаңыз

Үзінді 1

— Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса, айып өзімде. «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар» деген бар ғой. Міне, айыбым! — деп атынан түсе қалып, ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жібереді. — Әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны жетелей жүр...

Үзінді 2

Осынау кең қорықты Есенейдің есіне алғаш салған — аңшы Мүсіреп еді. Онысын тағы бір ескертіп қалғысы келіп, Есенейге қарай еңсеріле бұрылып: — Аға-сұлтан пірім-ау! Айтпап па едім? Қысқа қарай жылқы баласына бұдан артық жер болмайды, иесіз жатқан жер! Бір қыс жайладың болды — аға-сұлтанның шұбары атанады да, баланың баласына дейін кете барады! — деді...

Үзінді 3

Қызық киіне береді екен-ау!.. Басына ақ жібек шаршыны шәліге ұқсатып жамыла салыпты да, үстінен сәукеле киіпті. Алқымы ашық... «Мойным әдемі» деп көрініп тұрсын дегені ме?..

Үзінді 4

— Есеней-ау, мына қараша ауылды сен неғып көрмей жүрсің? Өзіңе ұят қой! — деді. — Осы қырық үй малшы-жалшылардың қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... Обал ғой, — деді.

Тапсырма 3: Құрастыру және терең талдау

3а) Мәтін құрастыру

  • Берілген үзінділерді бірізге түсіріп, белгілі уақыт ішінде мәтін құрастырыңыз.
  • Құрастырған соң 3 сөйлеммен өз ойыңыз бен пікіріңізді білдіріңіз.

3ә) Автор көзқарасы және кейіпкер көңіл күйі

  • Кейіпкерді сипаттауда автордың жетістігі қандай?
  • Ойыңызды шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңіз.
  • Бір кейіпкердің көңіл күйін сипаттап беріңіз.

3б) Жазушы ойын заманмен байланыстыру

  • Заман көрінісі туралы пікіріңізді 2 сөйлеммен түйіндеңіз.
  • Сол кезеңдегі оқиғадан 2 дәлел келтіріңіз.

3в) Ұлпан — «Ел анасы»

  • Шығармада Ұлпанды «Ел анасы» ретінде қадірлеуге қандай себеп пен дәлел бар?
  • Романдағы Ұлпан бейнесінен дәлелдер келтіріңіз.
  • Ұлпанның «Ел анасы» рөлін бүгінгі шынайы өмірмен байланыстырып, 3 минуттық пікірсөз дайындаңыз.
Бағалау Саусақпен бағалау

Жетістік критерийлері

  • 1

    Берілген ойды мазмұнға сай құрастыра алады.

  • 2

    Жазушының көзқарасын анық түсіндіре алады.

  • 3

    Кейіпкердің көңіл күйін нақты тани алады.

  • 4

    Сыни талдау бере алады.

Ескерту

Материалдың толық нұсқасын қажет болған жағдайда жүктеп алуға болады.