Самолетпен самғап ұшып аспанға, Әуе жолы болатынын білесің
Балаларға арналған тақпақтар, өлеңдер жинағы
Жақсы адам боп шығамыз
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен, —
Тәрбиеші тәтеміз.
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды
Тәрбиеші тәтеміз.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз,
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.
О. Асқар
Тәй - тәй қуыршақ
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз - қаз,
Қыдырайық аз - маз.
Ү. Есдәулет
Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ сөзін:
Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып ,
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып - жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
Ә. Табылдиев
Жолдар
Поезд мінесің,
Темір жол мен жүресің.
Кеме мініп,
Көк теңізді тілесің.
Самолетпен самғап ұшып аспанға,
Әуе жолы болатынын білесің.
Асфальтта автобуспен зымырап,
Алыстарға жол шегесің тым ұзақ.
ӘДуйсеков
Күн
Кең аспан ғой Ай, Күннің
Қашаннан - ақ тұрағы.
Кейде сол Күн Айгүлдің
Көзінде де тұрады.
Кейде кіріп бөлмеме,
Ол ойнайды айнада.
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да.
С. Оспанов
Кім немен ойнайды?
Теңізші болатын бала,
Бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала,
Сынаппен ойнайды.
Батыр болатын бала
Қынаппен ойнайды.
Жарықты жағатын бала,
Шырақпен ойнайды.
Шопан болатын бала,
Қозы, лақпен ойнайды.
Диқан болатын бала,
Топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала,
Кітаппен ойнайды.
М. Хакімжанова
Бүркіт салу
Ғарышкер және Қазақстан
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы
Мұндайлар бізде де болады
Тимур және оның командасы
Тоқтар Әубәкіров
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңдарды қорғау
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері жайлы ақпарат
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ туралы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Ұлы Жібек жолы жайлы жайлы
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА
А.И. Хачатурянның шығармашылық жолы
Құддыс Қожамьяровтың өмірі мен шығармашылық жолы
Тәуекел хан (1582-1598)