Тапқырлар аялдамасы

Сабақтың тақырыбы

Зат есім: 1–6-жаттығулар

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілік

Суреттер, сөзжұмбақ, дидактикалық ойындар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптастыру.
  • Сұрақ қою арқылы зат есімді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Оқу және жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Шапшаң қорытынды жасауға және ұқыпты жазуға дағдыландыру.
  • Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

Ұран

Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Ұғып алып, білім алып,
«5»-ке қол жеткізу!

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Жаттығуды оқыту, талдау.
  • Ережелерді қайталау.

III. Өткен сабақты пысықтау

а) Сұрақ-жауап

Сөз таптарын атау.

ә) «Кім жылдам?» ойыны

Қай сөз табына жатады?

күлді қалам әдемі жиырма бес қышқыл ұшты ауа жеті қызық

б) Дәптерлерді жинау, тарату.

IV. Жаңа сабақ: «Зат есім»

1) Ой қозғау

Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашайық.

қобыз
шаңырақ
түйе
әже
сандық
бүркіт
домбыра

1.

Аспаптардың төресі,
Әуенімен баураған.
Бір тал шыбық қылымен,
Ары-бері қайраған.

2.

Қабырғасы тор көзі,
Төбесінде тор көзі.

3.

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

4.

«Еркетайым, күнім» дейтін,
Немереге күлімдейтін.
Бұл кім?

5.

Төртбұрышты қорапты,
Өрнектеп шебер құрапты.
Апаң соған көрпе жинапты.

6.

Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы —
Бұл құсты кім біледі?

7.

Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.

Ерекше торкөзден «зат есім» деген сөз шықты.

2) Еске түсіру

2-сыныпта өткенімізді қайталайық. Зат есім туралы не білеміз?

  • Зат есім — заттың атын білдіреді.
  • Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

3) Дәптермен және тақтамен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,
Салақтықты қояйық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.

Сабақты әрі қарай жалғастыру үшін бірнеше аялдамаға тоқтаймыз. Әр аялдамада тапсырма орындаймыз.

Аялдамалар және тапсырмалар

1) «Білгірлер» аялдамасы — 1-жаттығу

Суреттегі құстардың атын табу үшін қандай сұрақ қоясыңдар?

Бұл не? қарлығаш сауысқан қарға

2) «Тапқырлар» аялдамасы — 2-жаттығу

Суреттегі заттардың аттарын ата.

Кім?

Арман, Гүлжан

Нелер?

қарбыз, алма, сурет, үстел

3) «Ойшылдар» аялдамасы — 3-жаттығу

  • Мәтінді көшіріп жаз.
  • Зат есімдерді тап та астын сыз.
  • Әр зат есімге сұрақ қой.

Сергіту сәті — «Ұйқасын тап»

  1. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді — шымшық.
  2. Бата алмас түлкі, үсті тікен — кірпі.
  3. Дамыл таппай бір мезет, жортумен жүр сұр — көжек.

4) «Білімділер» аялдамасы — 4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.

5) «Мергендер» аялдамасы — 5-жаттығу (ауызша)

Аялдамалардағы тапсырмаларды өте жақсы орындадық.

Шығармашылық жұмыс (3 қатарға 3 тапсырма)

I қатар

Әр оқушыға сурет беріледі: заттың атын атап, тиісті сұрақ қояды.

II қатар

«Әріп қуалау» ойыны: оқушы, ыдыс, сағат, тарақ…

III қатар

Пантомималық ойын: «Аңуар ұйықтады. Оқушылар жазды. Мұғалім кірді. Жаңбыр жауды.»

V. Сабақты бекіту

  • Сұрақ-жауап.
  • Сызба бойынша қорытындылау.

Қорытынды

Зат есім — заттың атын білдіреді.
Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

VI. Үй тапсырмасы

6-жаттығу.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады.