Сандықша ішіндегі сөздерді оқы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру; берілген сөздерге антоним тауып, ауызша айтуға үйрету.

Дамытушылық

Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын кеңейту.

Тәрбиелік

Өз бетімен қорытынды жасауға, алған білімін өмірде қолдануға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабаққа назарын шоғырландыру.

II. Психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Ж. Молдағалиев

III. Үй тапсырмасын тексеру

а) «Сиқырлы сандық» ойыны

Сандықша ішіндегі сөздерді оқып, әр сөздің нені білдіретінін айту. Оқушылар кезекпен шығып, қағаздарға жазылған сөздерді алады.

Сөз Сұрағы Түсіндірме
Тау Не? Заттың атауы
Оқушы Кім? Заттың атауы
Қызыл Қандай? Сапаның атауы
Күлу Не істеу? Қимыл атауы

Қосымша сөздер

Ұялшақ Түйе Он жеті Жығылу Тапқыр Жүйрік Алтау

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау

Сөз дегеніміз не? Сөз — заттың, қимылдың, сапаның немесе санның атауы.

Сөз неден құралады? Сөз дыбыстан құралады.

Сөз нені білдіреді? Сөз мағынаны білдіреді.

IV. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазу. Көркем жазу жұмысы орындалады.

Мысалдар арқылы түсіндіру

үлкен – кіші биік – аласа қымбат – арзан ақ – қара күн – түн

Сызба арқылы түсіндіру, суретке қарап сөйлем құрастыру.

Жаңа сабақты қорытуға сұрақ

Сөз мағынасының қандай түрлері бар? Қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

V. Сабақты бекіту

а) Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу

Озған — мұрат, қалған — ұят. Игіліктің ерте-кеші жоқ.

3-жаттығу

Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

1-қатар

  • Тар
  • Жас
  • Қалың
  • Кіру
  • Көшу
  • Жұмсақ
  • Ұзын
  • Қону

2-қатар

  • Қатты
  • Қысқа
  • Жұқа
  • Кәрі
  • Кең
  • Шығу

Нұсқа

  • тар — кең
  • жас — кәрі
  • қалың — жұқа
  • кіру — шығу
  • жұмсақ — қатты
  • ұзын — қысқа

Қалған сөздер бойынша да жұп құрастыру ұсынылады.

4-жаттығу (жұмбақтар)

  • Жазғы киімі — жасыл, қысқы киімі — ақшыл. (Ағаш)
  • Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. (Ай)

Сергіту сәті

Өлең жолдарымен қимыл-қозғалыс жасау.

ә) Шығармашылық тапсырмалар

1) Көп нүктенің орнына мәндес сөздерді жазып, сөйлем құра

  • Сұлу: әдемі, көрікті, ажарлы
  • Атақты: әйгілі, белгілі, көрнекті
  • Суық: мұздай, салқын

2) Сөздердің мағынасын ашып жаз

Түс: түс көру, қызыл түс, арбадан түс.

Қосымша сөздер: бас, алма, үй, шаш, нан.

3) Қарама-қарсы мағынасын тап

Биік Адал Ашық Ақ Қатты Арзан Ұзын Өтірік Ыстық Жоғары Жақсы Батыр

4) «Қай сөз артық?» ойыны

Топ 1

ас, тамақ, тағам, асаба, дәм

Топ 2

аспан, көк, шарықтау, әуе

Топ 3

үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, өнеге

Топ 4

айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, айтқыш

Мәтінмен жұмыс

5-жаттығу орындалады.

VI. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз бетімен ізденуіне бағытталған тапсырмалар арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі: омоним, синоним, антоним.

VII. Үй тапсырмасы

6-жаттығу.

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}