Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу

Сабақ тақырыбы: 3 саны және цифры

Бұл сабақта балалар 3 санының жазылуы мен құрамын меңгереді, сондай-ақ 0-ден 3-ке дейін тура және кері санауға жаттығады.

Сабақтың мақсаты

  • 3 санының жазылу жолдарымен және құрамымен таныстыру.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • 0-ден 3-ке дейін тура және кері санауға үйрету.

Сабақ сипаттамасы

Типі
Жаңа сабақты меңгерту
Түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсіл
Сұрақ-жауап

Қажетті көрнекіліктер мен байланыстар

Көрнекіліктер

Бағдаршам суреті, таяқшалар, суреттер, ермексаз, геометриялық пішіндер.

Пәнаралық байланыс

Сурет, мүсіндеу, жапсыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныпта жағымды орта қалыптастыру.

II. Психологиялық дайындық

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз айтып, жақсы тілек тілейік.

III. Негізгі бөлім

Ой қозғау

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз.
Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Үш айдан.
Қазір қай ай?
Қараша айы.

Жұмбақ

Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасым,
Үш түсті нұр шашады.

Жауабы: Бағдаршам.

Талқылау сұрақтары

  • Бағдаршамды көрдіңдер ме? Ол қайда орналасады?
  • Бағдаршамның неше көзі бар?

3 санына кіріспе: бағдаршам арқылы санау

Бағдаршамның үш көзі бар. Ендеше бірге санайық: 1, 2, 3.

1-көз

Қызыл

Тоқта, алға жүрме.

2-көз

Сары

Дайындал, сақ бол.

3-көз

Жасыл

Жүре беруге болады.

Бағдаршам — жол бойында жүргіншілер мен жүргізушілерге бағыт-бағдар беретін электр құралы.

Бүгін біз 3 санымен таныстық. Міне, бұл — 3 цифры. Сандық қатар: 0, 1, 2, 3.

Пішіндермен байланыс

Бағдаршамның көздері қай пішінге ұқсайды? Дөңгелекке. Ендеше бәріміз ауада дөңгелек пішінді салып көрейік.

Бағдаршам көздеріндегі тапсырмалар

Бағдаршамның әр көзінің артында тапсырма бар. Орындауға дайынбыз ба?

1) Қызыл көздің тапсырмасы

Сандардың оң және сол жақ көршісін тап: 0, 1, 2.

2) Сары көздің тапсырмасы

Сымда 1 торғай отыр. Оған тағы 1 торғай келіп қосылды. Барлығы қанша торғай болды?

3) Жасыл көздің тапсырмасы

Күз мезгілі неше айдан тұрады? Айларын атап шық.

IV. Сергіту сәті

1, 2, 3 — бойға жинап күш.
Қолға қалам аламын,
Әдемі сурет саламын.

Ойын: «Фигураларда қанша бұрыш бар?»

Алдарыңдағы геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап шығыңдар.

Топтық жұмыс: бағдаршам тапсырмалары

1-қатар

Бағдаршамның үш көзін ретімен орналастыру.

2-қатар

Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.

3-қатар

Дөңгелек пішіндерді түстеріне сай бояу.

V. Бекіту: «Қандай сан жоғалды?»

Сандық қатардан түскен санды тауып, орнына қойыңдар (0–3 аралығы).

VI. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабаққа бәрің белсенді қатысып, қиындықтан қорықпай, жолдан өтерде бағдаршамға бағыну керектігін көрсеттіңдер. Әрқашан жол ережесін сақтап, аман-есен жүрейік.