Қандай киімдер көріп отырсыңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл материал қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныпқа арналған. Тақырып: «Қысқы киімдер».
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Пән мұғалімі
Даулетбаева Алия Айтбайқызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға киім және киім түрлері туралы түсінік беру. Тақырып бойынша мәтін құрастыруға, қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік
Киімді ұқыпты әрі таза кию мәдениетін қалыптастыру.
Әдістер мен ресурстар
Сабақтың әдісі
- СТО стратегиялары
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру әдісі
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Қима қағаздар
Болжамданған нәтиже
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыра алады және сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу, дайындықтарын тексеру
- Психологиялық ахуал қалыптастыру
Психологиялық дайындық
Аспайық, саспайық,
Қиындықтан қашпайық.
Білгенімізді ортаға сап,
Сабағымызды бастайық.
Бағамызды алайық.
II. Өткен сабақты қайталау
- Үй тапсырмасын тексеру
- Қима қағаздар арқылы қорытындылау
Сұрақ-жауап
- Адамның қандай дене мүшелері бар?
- Адамға қол не үшін керек?
- Адамға аяқ не үшін керек?
III. Жаңа сабақ
1) «Болжау» стратегиясы
- Суреттен нені көріп отырсыңдар?
- Қандай киімдерді көріп отырсыңдар?
- Балалар қалай киінген?
- Киімдердің қандай түрлерін білесіңдер?
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Қысқы киімдер». Күн суыта бастады: адамдар жеңіл киімдерін шешіп, жылы киімдерін киеді. Алда суық қыс келеді. Біз қыста қалай киінеміз?
Қыс суық болғанымен, жылдың ең тамаша мезгілдерінің бірі. Қыста ауа райы суық болады, қар жауады, сондықтан барлығы жылы киінеді. Қыста біз қандай киімдерді киеміз?
Жұмыс түрлері
- Топтастыру стратегиясы
- Сөздікпен жұмыс
- «Үш оқу ұстанымы»
Ойын және сергіту
- «Ойлан, тап» ойыны
- Сергіту сәті
IV. Жаңа сабақты бекіту
- «Ішіне — сыртына» стратегиясы
- Жаттығулармен жұмыс
- Сәйкестік тест
- Сөйлемдерді толықтыру
V. Қорытындылау және бағалау
«Оқып үйрен»
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жинақтау.
«Ойлайық та, ойнайық»
Ойын арқылы білімді бекіту, сөйлеуді дамыту.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырма орындауын бағалау.
Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша сөз тіркестерін және қысқа сөйлемдер құрастыру (қысқы киім атауларын қолдану).