Бүгінгі сайыстың жүргізушілері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицей» КММ география пәні мұғалімі — Жақсыгелдина Шамшат Тилековна.
Іс-шара: «Менің елім» (этногеографиялық зияткерлік-танымдық сайыс).
Мақсаты
Оқушылардың ата жұрты, мекені, Отаны — Қазақстан туралы білімін сарапқа салып, талдау; өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу; табиғи байлықтарды көздің қарашығындай сақтауға баулу; топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, еркін ойлауға, ізденімпаздыққа бағыттау.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Үлестірме қағаздар
- Қамшы, киіз үй, домбыра
Негізгі ой
Туған жерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу, елге қызмет ету — әр азаматтың жүрегіндегі ең биік құндылық. Қазақстанның кең даласы мен асқар тауы, мөлдір өзені мен табиғи байлығы — ұрпаққа аманат.
Мұғалімнің сөзі
Өз елін, кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз — Қазақстан!
Даласы көз жетпейтін кең, таулары айбатты, халқы мерейлі ғажайып өлке — Қазақстанда тұратын әрбір азамат Отанға деген сүйіспеншілікті жүрегінің төрінде сақтауы керек.
Биылғы мерейлі белестердің бірі — Қазақ хандығының құрылуына арналған тарихи мерейтой. Бүгінгі «Менің елім» этногеографиялық зияткерлік сайысы осы ұлы мерекеге арналады.
Сайыс барысы
Жүргізушілер
- 9 «А» сынып оқушысы, қалалық тарих пәні олимпиадасының жеңімпазы — Сәтибек Ш.
- География пәнінен облыстық ғылыми жоба жеңімпазы — Кәрібаева А.
Қатысушылар
ХХІ ғасырдың талантты жастары — 8 «А», 8 «Б», 8 «В» сынып оқушыларының топтары сайысқа қатысады.
Жүргізуші сөзі
Армысыздар, қадірлі мұғалімдер мен оқушылар! «Менің елім» атты этногеографиялық-танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Кіндік қаның тамған, туып-өскен мекеніңді, табаның тиген топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы — жаттың ат басындай алтынынан қымбат.
Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан өзенін қорғап, бізге мұра етіп қалдырған. Тәуелсіздік кеңістігінде отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат әрдайым жарқырап тұруы керек.
Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін мақтан тұтуға тиіс.
Топтар
-
І топ — «Хан тәңірі»
Топ басшысы: Байтурханова Г.
-
ІІ топ — «Көкшетау»
Топ басшысы: Соватова Э.
-
ІІІ топ — «Барыс»
Топ басшысы: Серікбол Е.
Сайыс кезеңдері
Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Кезең атаулары қыран құстың ұшу белестерімен үндесіп, қатысушыларды да, жанкүйерлерді де биікке самғауға шақырады.
І кезең
Бәйге
ІІ кезең
Самғау
ІІІ кезең
Шырқау
ІV кезең
Шарықтау
«Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына!» — сайыскерлерге сәт сапар тілейміз. Енді сөз кезегін топ басшыларына беріп, таныстыруға көшеміз.
Әділқазылар
Сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыру жүргізушілер тарапынан жүзеге асырылады. (Тізім кейін толтырылады.)
І кезең — «Бәйге»
Ереже
- Әр топқа белгілі уақыт ішінде сұрақтар қойылады.
- Жауапты жылдам беру керек; білмесеңіз, «келесі» деп жалғастырасыз.
- Әр сұрақ — 1 ұпай.
- Басқа топтар араласпайды, өз кезегін күтеді.
І топ сұрақтары («Хан тәңірі»)
- Қазақстан Республикасы Туының авторы кім? Жауабы: Ш. Ниязбеков
- Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде нешінші орында? Жауабы: 9-орын
- Отырар қаласының арабша атауы қандай? Жауабы: Фараб
- Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? Жауабы: Керей мен Жәнібек
- «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім? Жауабы: Л. С. Берг
- Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі қайсы? Жауабы: Хан тәңірі (6995 м)
- Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды? Жауабы: 1992 жыл, 2 наурыз